Basty bet

Жер — ел байлығы!

Қазақстанда жерді тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібінде тұр. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына жарамды, бірақ игерілмей жатқан жерлердің көбеюі қоғам мен үкімет тарапынан алаңдаушылық тудырып келеді. Осыған байланысты биылғы жылдан бастап игерілмеген ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдеріне салынатын салық мөлшері 20 есе ұлғайтылатыны ресми түрде жарияланды.
Бұл өзгеріс нені білдіреді?
Енді жері бар азамат немесе заңды тұлға ол жерді мақсатты түрде пайдаланбаса, яғни ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізбесе, егін екпесе, жайылым ретінде қолданбаса — мемлекет сол жер телімі үшін едәуір жоғары салық алады. Мысалы, бұрын бір гектарға 1000 теңге салық салынса, енді бұл сома 20 000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
Мақсат – жерді тиімді пайдалану
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шешімнің негізгі мақсаты – жер қорын дұрыс әрі тиімді пайдалану екенін айтады. Жер — ел байлығы. Ол қараусыз, бос жатпау керек. Қазіргі таңда мыңдаған гектар жер пайдаланусыз тұр, бұл ауылдық аймақтардың дамуына, азық-түлік қауіпсіздігіне, жұмыс орындарының көбеюіне кері әсерін тигізуде.
Сонымен қатар жаңа салық мөлшері ауыл шаруашылығы жерлерін игермей, алып отырған жер иелері пайдаланбаған жағдайда заң талаптарына сәйкес қайтарылуы мүмкін.
Жерге деген жауапкершілік – елге деген жауапкершілік. Жаңа салық жүйесі елдегі жер ресурстарын тиімді әрі әділетті пайдалану мақсатында қабылданып отыр. Бұл шара ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсуіне оң әсер етуі тиіс!

Қадырхан ЖАРАСҰЛЫ,
аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close