Basty bet

САҚ БОЛЫҢЫЗ, ҚАР КӨШКІНІ!

Қар көшкіні кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында таудағы жүргізілетін ережелер.
Қар көшкіні дегеніміз – тау беткейлеріндегі қар және мұздықтардың қозғалуы, жылдам төмен қарай сырғуы. Олар адам өміріне қауіп төндіреді және табиғи қоршаған орта мен экономикаға шығын әкеледі.

Қар көшкіні елді мекендерге, спорттық-демалыс кешендерге, темір жол және автокөлік жолдарына, электр тарату желілеріне және басқа да нысандар мен қауіпті аймақтарда орналасақан ғимараттарға жиі қауіп төндіреді.
Қар көшкінін қалыптастырушы факторлар:
– Қар жамылғысының биіктігі;
– Қар тығыздығы;
– Қарқынды қар жауу;
– Қар жамылғысының шөгуі;
– Қар жамылғысының және ауа температурасының өзгеру режімі;
– Қарлы бораннан пайда болған қар жамылғысы.
Қар көшкінінің жүруі жауын – шашынның болмауынан, ауа райының жылынуы әсерінен қардың қарқынды еруінен, күн радиациясының және қайта кристалдану процестерінен, қардың қалыңдығы және жұмсақ мардымсыз жеке қабаттарының қиратушы күшінің салдарынан болуы мүмкін.
Қар көшкінінің қалыптасуы қар көшкінінің қозғалатын беткей аймағының етегі болып келетін қар көшкіні ошағында пайда болады

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close