Basty bet
Қылмыстық жауаптылық күшейтілді
2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 60 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді, бірақ қаржылық тексеруді қамтитын түзетулерді қоспағанда, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылысқа беріледі.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігіне 5 жаңа бап енгізілді
Атап айтқанда, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында, оның ішінде жеке өмірге қол сұғатын зорлық-зомбылық емес құқыққа қайшы әрекеттердің өсуінің болдырмау мақсатында келесі қылмыстық жауаптылықтар енгізілді.
Олардың қатарында Сталкинг (ҚК-нің 115-1-бабы), Некеге тұруға мәжбүрлеу (ҚК-нің 125-1-бабы), Банктік шоттарға, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу мен аударымдар (ҚК-нің 232-1-бабы), Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен заңсыз айналысу (ҚК-нің 339-1-бабы), Әуе кемесін басқаруға кедергі келтіру (ҚК-нің 352-1-бабы) бар.
Сталкинг үшін жаза
Қылмыстық кодекстің жаңа 115-1-бабы – сталкинг ұғымын енгізеді. Бұл – адамның еркіне қарсы онымен байланыс орнатуға немесе оны аңдуға бағытталған, зорлықпен ұштаспайтын, бірақ елеулі зиян келтіретін әрекет. Мұндай әрекет үшін енді 200 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау көзделген.
Некеге тұруға мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық кодекстің жаңа 125-1-бабы бойынша адамды күшпен, бопсалау арқылы не масқаралайтын ақпаратты тарату арқылы некеге тұруға мәжбүрлеу енді қылмыстық құқықбұзушылық деп танылады. Қылмыстың ауырлығына байланысты жаза 2 000 АЕК көлеміндегі айыппұлдан бастап, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жетуі мүмкін.
Банктік және төлем жүйелерін заңсыз пайдалану – енді қылмыс
Үшінші тұлғалармен банктік карталарды алаяқтық схемалар мақсатында пайдалануына қарсы іс-қимыл жасау, қылмыстық кірістерді шығару немесе заңдастыру мақсатында «дропперство» үшін қылмыстық жауаптылық енгізіледі (ҚК-нің 232-1-бабы).
Жаңа бап азаматтардың (дропперлердің) іс-әрекеттерін де, олардың банктік карталарын сатып алғандардың іс-әрекеттерін де және т.б. (дропповодтар), сондай-ақ қылмысқа қатысу белгілері болмаған кезде үшінші тұлғалардың нұсқауы бойынша өз шоттары арқылы ақша аударымдарымен айналысатын адамдардың іс-әрекеттерін қылмыстық жауаптылыққа тартады.
Банктік шотқа немесе төлем құралына қолжетімділікті заңсыз беру, сатып алу, пайдалану үшін айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Сирек жануарлар мен өсімдіктерге қатысты заңсыз әрекеттер үшін жаза қатайды
Қылмыстық кодекстің жаңа 339-1-бабы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктердің бөліктерін заңсыз иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны үшін жауапкершілік белгілейді. Бұл санатқа киік мүйізі де кіреді. Аталған әрекеттер үшін 2 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Әуе кемелеріне қауіп төндіру – ауыр қылмыс
Қылмыстық кодекстің жаңа 352-1-бабына сәйкес, лазерлік құрылғылар мен дрондарды әуе кемелеріне бағыттап, олардың қозғалысына кедергі келтіру қатаң жазаланады. Егер мұндай әрекет адам өліміне әкеп соқса, кінәлі тұлға 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қорытындылай келе, қабылданған заң түзетулері қоғам қауіпсіздігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Әрбір адам өз әрекетінің салдарын түсініп, заңға бағынуы қажет!
Жуалы ауданының прокуратурасы