Basty bet
Татулық пен тұрақтылық – ел бірлігінің кепілі!
2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – еліміздегі ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтауда, бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратын тарихи құрылым. Ассамблея – Қазақстан халқын бір шаңырақ астына біріктіріп отырған ерекше институт. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай аудан жастары арасында конфессияларалық және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, қоғамда татулық пен тұрақтылықты берік қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылу үстінде.
Бұл тұрғыда бүгінде ҚХА-ның 30 жылдығына орай түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізілуде. Аудандағы этнос өкілдерінің қатысуымен Отбасы күні мерекесіне орай жас отбасылармен кездесу, этносаралық толеранттылықты қалыптастыру мақсатында «Төзімділік пен толеранттылық» атты кездесу, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» атты тақырыпта кездесу, т.б. іс-шаралар өткізілуде.
Шараның мақсаты – жастар арасында конфессияаралық және этносаралық татулықты сақтау, әртүрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы өзара құрмет пен түсіністікті қалыптастыру. Тұрақтылықтың мәнін ұғындыру арқылы жастардың бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Күтілетін нәтиже – жастардың санасына толеранттылық, бірлік, өзара сыйластық сынды құндылықтарды сіңіру, әрбір ұлт пен ұлыстың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге баулу, дінаралық татулық пен түсіністікті сақтау маңызын түсіндіру.
Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат. Сол себепті, әрбір жас Қазақстан Республикасының ішкі тұрақтылығы мен қоғамдық келісіміне өз үлесін қосуы тиіс. Ұлтаралық және дінаралық татулық – ел дамуының негізгі тірегі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – бейбіт өмір мен бірлікке негізделген мемлекеттік саясаттың айқын көрінісі. Бұл – болашақ ұрпаққа татулық пен тұрақтылықтың қадірін ұғындыруға бағытталған маңызды кезең.
Бейбітшілік – бірліктен басталады!
Татулық – табыстың кілті!
Рауан САПАРБАЙ,
аудандық Жастар ресурстық орталығы мекемесінің
Б.Момышұлы ауылы бойынша жастармен жұмыс жөніндегі маманы