Basty bet
Мен Отаныммен мақтанамын!
«Мөлдір бұлақ» бөбекжай-бақшасында Республика күніне орай «Мен Отаныммен мақтанамын!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Қазақстан Республикасы күні – халқымыз үшін ең қастерлі, ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігін айқындайтын ерекше мейрам. Балабақшада Республика күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, балалардың бойында Отансүйгіштік, патриоттық сезім, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру мақсат етілді.
Іс-шара барысында балалар Әнұранды айтып, Қазақстан Республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұранмен танысып, олардың мағынасын білді. Сонымен қатар, оларға еліміздің тарихы мен жетістіктері туралы қысқаша мәліметтер берілді.
Балалар мерекелік әндер шырқап, тақпақтар оқып, би биледі. Сондай-ақ, мерекелік іс-шараларға атсалысқан тәрбиешілердің еңбегі көп. Атап айтсақ, топ тәрбиешілері – А.Есіркепова, П.Нұрманбетова, А.Құрымбай, А.Ахаева, Т.Бердімұратова, М.Усипова.
Мерекелік іс-шаралар балалардың өз елін мақтан тұтуына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ететіні анық.
Ж.МИРЗАЛИЕВА,
«Мөлдір бұлақ» бөбекжай- бақшасының ән жетекшісі
