Basty bet

Крипто-алаяқтардың құрбаны болды

Жуалы аудандық соты, негізсіз баю сомасын өндіру туралы азаматша С. талап қоюын қарады.
Сотпен анықталғандай, азаматша С.-ның алаяқтарға алданғанын анықтады. Олар оның банк шоты арқылы 500 000 теңге ақшасын жауапкер С.-ның банк шотына заңсыз аударған, ол талапкерге «ОКХ» қосымшасы арқылы USDT криптовалютасын сатқан.
Шоттарындағы валюталық махинацияны білмеген екі тарап бір-бірін танымайды және ешқандай келісімшарттық қарым-қатынастары немесе міндеттемелері жоқ.
«ОКХ» криптовалюта биржасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қатысушысы емес, яғни оның Қазақстан Республикасы ішінде қаржылық операцияларды жүргізуге заңды құқығы жоқ.
Осылайша, талапкердің ақша сомасының жауапкердің карталық шотына түскені дәлелденді. Жауапкер алынған соманың заңдылығы туралы дәлелдер келтірмеді.
Өзінің талап қоюында С. соттан 500 000 теңге негізсіз баю сомасын, 65321 теңге үстемақыны, 56000 теңге өкілдік қызметті, 5654 мемлекеттік бажды өндіруді сұрады.
Соттың шешімімен, С.-ның арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден 500 000 теңге негізсіз баю сомасы, 5654 мемлекеттік баж, 50000 теңге өкілдік қызметі өндіріліп, үстемақы сомасын өндіру бөлігінде бас тартылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Таңдаулы материалдар

Close