Basty bet
Жұқа мұзға шығу өте қауіпті!
Жыл сайын жұқа мұз адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Әдетте, көбінесе балалар мен балық аулаушыларға қауіп төнеді. Алайда, қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталуы керек.
Аудан аумағында орналасқан «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасында мұздың қалыңдығы 8-9 см құрайды, бірақ кей жерлерде одан да аз. Бұл мұз арқылы жүру мен мұз асты балық аулаудың қауіпті екенін білдіреді. Бұл қалыңдық адам салмағын көтеруге жеткіліксіз. Қауіпсіз жүру үшін мұздың қалыңдығы 10 см-ден аз болмауы қажет.
Ағымдағы жылдың ақпан айында ауа райының күрт жылынуына байланысты су қоймасында мұздың тез еруі анық байқалады.
Су қоймасында бөлім қызметкерлері күнделікті рейдтер мен патрульдік жұмыс жүргізуде, оның барысында тұрғындарға мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп, нұсқаулықтар берілуде.
Аудан тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып, су қоймаларының ең қауіпті аймақтарына мұзға шығуға тыйым салатынын ескертуде.
Бөлім қызметкерлері білім беру объектілеріне барып, балалар мен студенттерге қажетті қауіпсіздік дағдыларын үйрететін әртүрлі сабақтар өткізуде.
Мұз үстінде жүрген кезде мынадай әрекеттерді жасамау қажет:
• жұқа және қатпаған мұз аймақтарына шығуға;
• топ болып белгілі бір мұз аймақтарында жиналуға;
• мұздағы саңылауларға, жарықтарға және ойықтарға жақындауға;
• түнде немесе көріну нашар кезде мұзға шығуға;
• шектеулі аймақта екіден көп ұңғымадан ойып тастауға;
• от жағуға болмайды.
«Балық аулауды жақсы көретіндерге ерекше назар аударылуда: мұз үстінде балық аулауға жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Балалар мен жасөспірімдер – ең осал топ. Көп жағдайда олар ойын ойнау немесе өзен арқылы қысқа жолмен өту үшін мұзға шығады. Ата-аналар қауіпсіздік ережелері туралы үнемі әңгімелесіп отыру қажет және тіпті қалың мұздың көрініп тұрған жерінде де қауіп бар екенін түсіндіру керек.
Егер Сіз апаттың куәсі болсаңыз, дереу 112 нөміріне құтқарушыларды шақыру керексіз. Жәбірленушіге жақындағанда, еңбектеп, сырғып жету керек.
Қол созуға болмайды – ұзын зат қолданған дұрыс: таяқ, орамал, белдік немесе арқан.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындары мен қонақтарын, сонымен қатар балық аулау әуесқойларын мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қазіргі таңда су айдындарында мұз толық қатпағандықтан, мұзға шығудан және мұз астынан балық аулаудан бас тартуыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ ата-аналардан балалардың мұзға шығуына жол бермеулерін ерекше ескертеміз.
Қатпаған немесе жұқа мұзға шығу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін хабарлаймыз!
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі