Basty bet

Желбіреп тұр туың бүгін

«О, менің
Желпілдеген туырлығым,
Желбіреп, жетіле бер Туың бүгін!»
Мұқағали Мақатаев

Ақиық ақын дүниеге келген ақпанда,
Жүрегімді жыр тербеді ақ таңда.
Мұқаңа арнап өлең жазуға отырдым,
Ояна сап, ел ұйқыда жатқанда.

Қар жауып тұр, дәл бүгін боран ұйытқып,
Көңіл шіркін толғанып, алабұртып.
Шынайы ақ сезімді ақтара алмай,
Жан сырымды қалайша қалам іркіп…

Қызығына тоя алмай сағым күннің.
Өзің болдың киесі жасын жырдың.
Туған жерге, халқыңа, табиғатқа,
Әр сөзіңнен сезілген ғашық үнің.

Шын ынтызар, өмірге ғашық ақын,
Аңсаумен ізгілікке асығатын.
Жыр қалдырдың артыңда, барған сайын,
Мәртебеңді биікке асыратын.

«Құрдаспын» деп «жиырма бірінші ғасырға»,
Айтқан сөзің шындыққа айналды расында.
Бүгінгі ұрпақ жырларыңа ынтығып,
Бағалайды теңдесі жоқ асылға.

Сондықтан да ақиық ақын атапты,
Халқың беріп, осынау ұлы атақты.
Әр жүрекке жырларың бойлап терең,
Қиялға қанат, бойға шуақ таратты.

Болса-дағы өмірің қиын тіпті,
Тек аңсадың тереңдік, биіктікті.
Кей пендені жырыңмен ауыздықтап,
Жырмен емдеп, жеңіпсің қиындықты.

Өмірден өтеріңде халыққа арнап,
Жыр арнадың еліңе Аманаттап,
Жүрсең-де сан сүрініп, тайғанақтап,
Бәрінен биік қойдың арды сақтап.

Бәрі ғажап, әр өлең-туындыңның,
Жүрекке жылы тиер құлын-жырың.
Поэзия көгінде менмұндалап,
Жарқырап, желбіреп тұр туың бүгін!

Әлия Жақсыбекова,
ардагер ұстаз.
Көлтоған ауылы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close