Basty bet

СОТ ТӨРЕЛІГІ: Ағымдағы жылдың үш айында айтарлықтай жұмыс атқарылды

Жуалы аудандық сотының төрағасы Бабырхан Абуев өткен аптаның басында БАҚ өкілдерін шақырып, «Ағымдағы жылдың үш айы бойынша сот төрелігі» атты тақырыпқа қатысты пресс-конференция өткізді.
Пресс-конференцияда аудандық соттың төрағасы Бабырхан Бекболатұлы 2025 жылдың І тоқсанында сот төрелігінің қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы айтып берді.
-Үш айда қылмыстық істер бойынша барлығы 14 қылмыстық іс 14 тұлғаға қаралған, солардың ішінде үш іс үш тұлға бойынша үкім шыққан, төрт іс төрт тұлғаға өндірісімен қысқартылған. Ал, азаматтық істер бойынша барлығы 148 іс қаралған, оның ішінде бес іске сот бұйрығы шыққан, 81 іске шешім шығарылған, 54 іс қысқартылған, 54 азаматтық іс медиациямен тоқтатылған, оның ішінде барлығы билердің қатысуымен болған.
Әкімшілік істер бойынша барлығы 115 іс қаралған, оның ішінде 89 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, яғни бес ескерту, 54 іс айыппұл, 28 іс қамақ, бір іс арнайы куәлігінен айыру, бір іс ҚР аумағынан шығарды.
Неке және отбасы даулары бойынша үш айында барлығы 8 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде жеті іс шешім шығару арқылы, бір іс соттылығымен жолданған.
Өздеріңіз білетіндей аудан бойынша барлығы 45 билер кеңесінің мүшесі бар. Б. Момышұлы ауылында -5 және 14 ауылдық округтерде 3-тен. Сондай-ақ, 8 ауылдық округтің әкімшіліктерінде медиация кабинеттері ашылған.
2025 жылдың үш айында билер кеңесімен сотқа дейін 54 азаматтық дау, үш-қылмыстық құқықбұзушылық, 21 әкімшілік құқықбұзушылық туралы даулар шешілген,- деді Бабырхан Абуев.
Әрі қарай брифингте аудандық соттың төрағасы үш айда атқарылған басқа да істерге тоқталды. Ол жалпы сот жүйесіндегі өзгерістермен ағымдағы жылы қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша 109-бабымен яғни ұрып-соғу санаты бойынша көбейген, атап айтқанда 2025 жылдың 3 айында 7 қылмыстық іс түскен, оның ішінде тұрмыстық зорлық зомбылық санатында 3 іс (2 үкім, 1 қаулы татуласумен). 7 істе үкім шыққаны 2 іс, татуласумен 5 іс тоқтатылған айтты. Әрі қарай әкімшілік істер бойынша 434-2 бабына ағымдағы жылы өзгеріс енгізгенін, атап айтқанда жазаның ауырлағаны, қазіргі таңдағы жазасы. Ал ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға қатысты. Оның ішінде:ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
434-2-бапқа өзгеріс ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.
бірінші бөліктің екінші абзацы:
“он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.”;
екінші бөліктің екінші абзацы.
“жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сексен сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.”
Әкімшілік істер бойынша ерекше талаптар шықты.
Атап айтқанда 54 бапта құқық бұзушының мiнез-кұлқына ерекше талаптар белгiлеу
Бұдан әрі нақтыласақ, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот өз бастамасы бойынша не полиция органдарының немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге басқа қатысушылардың өтiнiшхаты бойынша осы Кодекстiң 73, 127, 128, 131, 434, 435, 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:
1) жәбiрленушiнiң отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз мүшелерiн қоса алғанда, жәбірленушінің еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз кәмелетке толмағандарға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына;
4) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.
2.Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген кезде жәбiрленушi мен оның отбасы мүшелерiн күзету және қорғау үшiн сот айрықша жағдайларда, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға тұрғын үйде жәбiрленушiмен бірге тұруға тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге қолдануға құқылы.
2-1. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде сот психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар белгілеуге құқылы.
3. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде оған профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына бiр реттен төрт ретке дейiн iшкi iстер органдарына келіп тұру мiндетi жүктелуi мүмкiн.
Қылмыстық кодекстің 98-3-бабы, Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу:
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған адамға жаза тағайындау кезінде не оны қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату кезінде сот өз бастамасы бойынша не қылмыстық процесс тараптарының өтінішхаты бойынша оның жүріс-тұрысына үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге ерекше талаптар белгілеуі мүмкін, онда психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ:
1) жәбірленушінің кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қоса алғанда, жәбірленушінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
3) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды тұтынуға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салу көзделеді.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот айрықша жағдайларда, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға тұрғын үйде жәбірленушімен бірге тұруға тыйым салу түрінде құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулікке дейінгі мерзімге қолдануға құқылы.
3. Сотталған адамның не өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына орай тоқтатылған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеттері жүктелуі мүмкін.
4. Осы Кодекстің 108-1-бабының екінші бөлігі, 109-1-бабының екінші бөлігі бойынша өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына орай тоқтатылған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған сот шешімімен профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеті жүктеледі.
5. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамға ерекше талаптар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 165-бабында айқындалған тәртіппен белгіленеді.
-Қазіргі таңда азаматтық істер бойынша банкроттық істері көбеюде. Бұл істерді қарайдамемлекеттік тілге аса назар берілуде, барлық құжаттар мемлекеттік тілде әзірленуде, тек кіріс хаттар мен талап арыздар ресми тілде көбінесе жолдануда, өйткені қаржы ұйымдары мен банктер талапкер болып өздеріне ыңғайлы ресми тілде көбінесе жолдайды.
Ал, кассациялық сотқа келетін болсақ ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап кассациялық соттар өз жұмысын бастайды. Кассациялық соттарды құру мәселесі сот саласының ортасында ғана емес, қоғамда талқыланып жатыр.
Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады. Жаңа заң қабылданса, Жоғарғы соттың рөлі өзгереді.
Бұл жүйе заңға енгізілсе қарапайым халық үшін тиімді тұстары өте көп деп айтуға болады. Тәуелсіз кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тек Астанада ғана құрылады.
Тергеу органдарына шағым келтіру Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 106-бабында, прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарауға болады.
Кез келген азамат, құқыққорғау органдарының іс әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбаса, яғни өзіне қатысты қозғалып жатқан істе заңсыздықтардың немесе құқықтарыңыздың сақталмауы фактілері анықталған жағдайда, ҚР ҚПК-нің 106 бабына сай сотқа шағым келтіруге толық құқықтары бар.
Мысалы, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.
Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс.
Біз сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы технологияларды пайдалану үстіндеміз:
1. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша мемлекеттік органдармен «Сот кабинеті» сервисін қолдану бойынша нақты іс шаралар атқарылып жатыр.
2. Талап арызда, арызда шағымда электрондық мекен-жайды, ұялы және факс байланыс нөмірлерін көрсету қажеттілігі туралы заң талаптары қатаң сақталады.
3. Электрондық құжат айналымын қолдану жөнінде облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктеріне хаттар жолданып, осы бағыттағы шаралар бұдан әрі де жалғастырылуда.
4. Судьялардың кейбір жағдайларда тиянақты түрде істі жан-жақты және объективті түрде қарамауларына байланысты сот әділдігінің сапасына ерекше мән береді.
5.Әрбір өзгертілген, сот актілері жіберілген кемшіліктерді алдағы уақытта қайталамау мақсатында соттың жедел және өндірістік кеңестерінде талқыланып отырады.
Сот жұмысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталатын болсақ, тұрақты түрде өткізіліп отыратын апта сайынғы өндірістік кеңесте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу іс шаралары туралы, талап арыздарды қайтару, қабылдаудан бас тарту, қараусыз қалдыру, азаматтық істерді сырттай тәртіппен қарау, істерді, ұсыныстарды қарау мерзімдерін сақтау мәселелері, сот мәжілістерін үш реттен көп кейінге қалдыру себептерімен қатар, судья этикасы нормалары сақталуда, еңбек тәртібін сақтау жайындағы жұмыстар туралы үнемі талқыланып отырады,-деді аудан соттың төрағасы.
Жалпы ағымдағы жылдың үш айында аудандық сотымен 4 дөңгелек үстел, 11 семинар сабақтары, 1-брифинг, 2 лекция, 2 кездесу өткізіліп, аудандық газетке 10 мақала, Жамбыл облыстық сотының сайтына 9 мақала жарияланды, судьялармен 3 талдау жасалынды.Оқу орталығымен ұйымдастырылатын семинар сабақтарына судьялар үнемі қатысуда.
2025 жылдың 3 айында аудандық сотқа жалпы 16 жеке қабылдау жүргізіліп «Е-өтініш» электрондық сервисі арқылы 16 өтініш қаралды. Аталған өтініштер мен жеке қабылдауда азаматтарды толғандыратын негізгі мәселелер ол жер, отбасы, қарыз даулары және сот актілерінің орындалуы мәселесі, бұл тұрғыда аталған азаматтардың сұрақтарына заң талаптарына сай жауаптар қайтарылған.
2025 жылдың 3 айында Жуалы аудандық сотының судьяларымен мемлекеттік қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты шағымдар мен арыздар түспеген.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close