Basty bet
Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация белсенді әрекет етуде
Адам папилломасы вирусы (АПВ) – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы.
Вирус қауіпті, өйткені, ол тез тарала алады, нәтижесінде папилломалар пайда болады (сүйел өсінділері) және жасушалардың қатерлі ісігінің деградациясы мен жатыр мойны обыры сияқты қатерлі ісіктің дамуына қоздырғыш болады.
Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.
АПВ қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстанды қоса алғанда дүниежүзінің 135 мемлекетінде жасалынады.
АПВ қалай беріледі? АПВ адамнан адамға келесі жолдармен беріледі:
Тұрмыстық жанасу жолымен: АПВ қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға, сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға және бассейндерге барғанда өзіңізді ұқыпты ұстағаныңыз дұрыс.
Жыныс жолымен: Вирустардың онкогенді типтері жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.
Тікелей жолмен туу кезінде: Вирус анадан сәбиге оның босануы жолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.
Өзіне-өзі жұқтыру жолы:АПВ қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне жиі ауысады.
Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдыналудың бірден-бір әдісі – бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген.
2024 жылдың күзінен бастап Қазақстанда 11,12,13 жасар қыздарға АПВ қарсы вакцинациялау жүргізілуде.
АПВ қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша ақысыз негізде қолжетімді.
Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата-аналарының немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.
АПВ қарсы вакцина дельта тәрізді иық бұлшықеті ішіне салынады.
Вакцинация қарсы көрсетілім болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.
Неліктен вакцинация 11 жастағы қыздарға жасалады?
ДДҰ 9-14 жас аралығындағы қыздарға вакцинациялауды басымдық ретінде ұсынады. Вакцина адам АПВ жұқтырғанға дейін енгізілсе тиімдірек болып табылады.
Ағза иммундық жүйенің АПВ инфекциясымен күресуіне көмектесетін қарсы денелер өндіре отырып, вакцинаға реакция береді.
Ерте жастан бастап вакцинацияланған адам қатерлі ісік тудыруы мүмкін жоғары онкогендік қауіпті АПВ түрлерінің көпшілігінен қорғалған.
Сондықтан, АПВ-ға қарсы екпені алуға шақырамыз!
Мұрат МҰхаметрахимов,
Жамбыл облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
басшысының орынбасары