Basty bet
Су тасқынының алдын алған дұрыс
Құрметті ауыл әкімдері, мекеме басшылары және аудан тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 12 және 13 ақпан күндері аудан аумағында қалың қардың жауу салдарынан 18,19, 20 ақпан күндері күн райының күрт жылынуынан және қалың қардың қарқынды еруіне байланысты аудан аумақтарында су тасқыны қаупі туындауы мүмкін.
Осыған орай, төтенше жағдайлардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі шараларды шұғыл ұйымдастыру қажет:
1. Аудан аумағындағы өзендер, су қоймалары, каналдар мен арық жүйелерінің жай-күйін толық тексеріп, су өткізу арналарының тазалығын қамтамасыз етілгендігі жөн;
2. Қардың су жиналуы ықтимал учаскелерді айқындап, тәулік бойы тұрақты мониторинг жүргізу қажет;
3. Арнайы техникалар, сорғы құралдары (мотопомпа), инертті материалдар (құм, қиыршық тас), құм толтырылған қаптар қорын жеткілікті көлемде дайындау;
4. Таулы аймақтарда, демалыс орындарында сырғанауға жол бермеу;
5. Елдімекендердегі әлеуметтік нысандардың (мектеп, балабақша, медициналық ұйымдар) қауіпсіздігін ерекше бақылауға алу қажет;
6. Қажет болған жағдайда халықты көшіру бойынша эвакуациялық жоспарларды нақтылап, дайындық деңгейін тексеру керек;
7. Әрбір тұрғын үйдің иесі өз ауласындағы арық-атыздарды, жолдарды қардан және қоқыстан тазартқаны жөн!
Жуалы ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі