Basty bet

Жолда қалғандар құтқарылды

“Алматы-Ташкент” жол учаскесі Жуалы ауданындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты орын алған төтенше жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында. Қазіргі таңда оған төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері және 6 бірлік техника жұмылдырылған. Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.
26 автокөлік қар құрсауынан тазартылып, 140 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 8 бала. Олар жақын мандағы Айша бибі ауылындағы жылыту пунктеріне жеткізілді. Бүгінде 3 жылыту пункті жұмыс жасауда. Онда ыстық тамақ, медициналық көмек ұйымдастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекке жүгінгендер болмады.
Шалғай ауылдардың бәрімен байланыс орнатылған. Құм төсеу, бақылау бойынша облыстық ТЖД, «Қазавтожол» мекемесі және жол патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда аталған бағыт бойынша «Арнайы желі» ашылып, жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Әзірге жүргізушілер мен тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырамыз.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close