Basty bet

Тараздық студент айына 5 млн табыс табады

18 жаста миллион табу қиял емес – батыл қадамның нәтижесі. Тараздық студент Қайырбек бала күнгі қызығушылығын табысқа айналдырды. Ол шетелден ерекше үй гүлдерін жеткізіп, оларды креативті әрі сәнді үлгіде әрлейді. Әр гүл шоғы – жай ғана сыйлық емес, дайын эмоция. Тапсырыстың басым бөлігін өзі дайындап, сапаны жеке бақылайды.

Гүлдер негізінен Қытай мен Нидерланд елдерінен жеткізіледі. Оларды күтіп-баптауға Қайырбектің әкесі мен анасы да атсалысады. Үй ауласында 5 мың түп гүл өсіруге арналған жылыжай бар. Бұл орын өсірдіктердің жыл бойы құлпырып өсуіне өте қолайлы. Сондықтан кәсіп тұрақты табыс көзіне айналған.

Таңдаулы материалдар

Close