Basty bet

«Ретро-фестиваль» амфитеатры

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы барысында ашылған «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі «Ретро-фестиваль» амфитеатры пайдалануға берілді.

Нысанның ашылу салтанатында  концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Онда құрметті қонақтар Қазақстанның Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықы, Орталық Қазақстан туризм, шеберлер және қонақ үй ассоциациясының президенті Мая Ағаділова, ақын Маралтай Райымбекұлы жүрекжарды құттықтау сөздерін жеткізіп, Тараз тарихын таныту барысындағы жемісті жұмыстарды айрықша атап өтті. Ақын Маралтай Райымбекұлы Таразға арнаған отты өлеңін оқып беріп, көпшіліктің көңілдерін тербеді.

Айта кетейік, «Руханият және тарихтану» орталығы мен «Көркемдік-бейнелеу өнері галереясы» нысандарының ортасында орналасқан ашық аспан астындағы сахнада алдағы уақытта халықаралық байқаулар, конкурстар, басқа да өнер бәйгелері және мерекелік кештер өтетін болады. Амфитеатрдың сыйымдылығы – мыңнан аса адам.

Нысанның құрылысын жүргізген бас мердігер – «ЖАҢА АРНА 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Айта кетейік, сахна құрылысының жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайды. Сахнаның жерден биіктігі – 1 метр 20 сантиметр. Ұзындығы  32 метр болса, биіктігі 7 метрден асады. Мұндай амфитеатр елімізде бұған дейін Астана, Алматы, Ақтау қалаларында болса, енді тарихи Тараздағы жаңа кешенде  бой көтеріп отыр.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close