Basty bet

Еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

25 желтоқсан күні өңірдің 80 жылдық мерейтойы облыс орталығы Тараз қаласында салтанатты жағдайда аталып өтті.
Мерейтойға орай барлық салада еңбегімен еленген бірқатар азаматтар «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
«Әлемнің әміршісі – еңбек» – демекші, жаңа жыл қарсаңында аталған марапатқа біздің ауданнан ұсынылған түрлі сала ардагерлері мен озат қызметкерлерді аудан басшысы Нарбай Әбілқасымұлы салтанатты жағдайда марапаттап, құттықтады.
Олардың қатарында білім саласының ардагері Әбілқасым Ергебеков, Гүлназит Байғожа, Есмахан Сеңгірбаев, ауылшаруашылығы саласының зейнеткері Әбуғали Ералиев, Сағындық Сейітқұлов, аудандық таэквонда федерациясының президенті Имантай Әбеев, Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Арабхан Заппаров, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының аудандық бөлімі басшысының орынбасары Мақсат Зиябеков, мемлекеттік қызмет саласының зейнеткері Ілияс Мамедалиев, Рахымжан Оспанов, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сауытбек Махамбетов, облыстық нотариаттық палатасының жеке нотариусы Меруерт Саттарова, ауданымыздың Құрметті азаматы Айдарбек Сейдалиев, денсаулық сақтау саласының ардагері Алтынкүл Шыңғысбаева, «Гамбург» ЖШС директоры Кох Георг, «Төлеген» шаруа қожалығының төрағасы Мейірбек Төлегенов және тағы да басқалар бар.
Еңбек адамы қандай құрметке де лайық. Еңбектеріңіз жанып, құрметке бөлене беріңіздер!

«Жаңа өмір» -ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close