Basty bet

Екінші тоқсанда атқарылған жұмыстардың барысы қаралды

Аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы жұмысшы топтың отырысы өтіп, онда бірқатар мәселелер қаралды. Жиынды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту комиссиясының төрағасы Анар Ахметова ашып, жүргізіп отырды.
Отырысқа комиссия мүшелерімен қатар бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2024 жылы 2 тоқсанда бейімдеуді қажет ететін нысандарының атқарылған жұмыстарының орындалуы туралы.
Аталған мәселеге орай аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ж.Махмудова баяндады.
Ол баяндамада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нысандарды бейімдеу жөніндегі 2024 жылға арналған жоспардың орындалуымен таныстырды.
Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігінің жанынан жұмысшы тобы құрылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ұдайы баратын ғимараттары тізімге алынып, кезең-кезеңмен бейімделу жұмыстары атқарылып жатқаны да айтылды.
2024 жылға арналған жоспардың тізіміне сәйкес, тиісті мекеме басшылары атқарылған жұмыстары бойынша өз мәліметтерімен бірге, қойылған қосымша сұрақтарға да тұщымды жауап берді.
Жиынды қорытқан комиссия төрағасы Анар Ахметова күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша комиссия мүшелері мен мекеме басшыларының мәліметтерін тыңдап, нысандарда бейімделу жұмыстарын жүргізудегі кемшіліктерді жоюды назарға алып, комиссия төмендегі ұсыныстардың негізінде жалпы ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ғимараттарға кіріп-шығуын қамтамасыз ету жұмысын арттыруды тапсырды.
Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close