Basty bet

Азаттық – айбыным, тәуелсіздік – тұмарым!

Құрметті жұлдызы биік жуалылықтар!
Айбынды сардарлар мен сарбаздар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі. Ежелден Азаттық аңсап, Тәуелсіздікті қастерлі тұмар тұтқан бейбітсүйгіш халқымыз үшін бұл мерекенің орны ерек, жөні бөлек. Олай болатыны, ел мен жердің тұтастығы, Отан іргесінің бүтін, ұрпақ болашағының жарқын болуы үшін сан ғасырлар бойы күрес жүргізген бейбітсүйгіш халқымыз киелі Тәуелсіздік және Азаттық ұғымдарын аса жоғары бағалайды. Елдің тұтастығы – халықтың амандығы, елдің жарқын келешегі. Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толып отыр. Осы уақыттың аралығында елдің қорғаныс қабілеті артып, армияның айбыны асқақтады. Қарулы Күштер жоғары деңгейде қалыптасты деп айтуға толық негіз бар. Бұл – ел Тәуелсіздігі мен халық амандығының және жас ұрпақ болашағының жарқын кепілі.
Қазақстан Қарулы Күштерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Жуалы ауданындағы 91678 әскери бөлімі, «Ақсуат» және «Бауыржан Момышұлы» атындағы шекара бөлімшелері елдің тыныштығын, мемлекет тұрақтылығын басты назарға алып, қоғам құндылықтарын құрметтеуде өздеріне тиесілі міндеттерді адал атқарып келеді.
Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлының Отан қорғаудағы асқан ерлігі халқымыздың ежелгі батырлық даңқымен терең астасып жатқаны белгілі. Хас батырдың ерлік даңқы – халқымызға ортақ құндылық.
Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында атқарылып жатқан игі істерге толайым табыс, әрбір отбасына амандық, денге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін!
Ізгі тілекпен,
аудан әкімі Жалғас МҰРТАЗА

Таңдаулы материалдар

Close