Basty bet
Ата-аналардың назарына!
Қазіргі таңда қоғамның басты міндеттерінің бірі – баланың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау болып отырғаны белгілі. Бұл – тек балаларға тәрбие мен білім беретін мектептің, ата-ананың немесе құқық қорғау органдарының ғана емес, мұны қоғам мүшелерінің бірлесіп атқаратын ортақ міндеті және ортақ жауапкершілігі деп түсінген дұрыс.
«Сақтансаң, сақтайды!» деген. Аудан аумағында балалар мен жасөспірімдерге қауіпсіз орта қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Балалардың қауіпсіздігі мәселесінде жазатайым оқиғалар мен қайғылы жағдайларға барынша жол бермеу өте маңызды. Бұл ретте балалардың қауіпсіз өміріне баса көңіл бөлген дұрыс!
Соңғы уақытта ел аумағында жасөспірімдердің көкпар ойындарына баруының салдарынан оқыс оқиғалардың орын алып отырғаны белгілі. Осыған сәйкес, сабақтан тыс уақытта және оқушылардың жазғы каникулы кезеңінде жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен амандығына баса назар аударған дұрыс.
Балалардың өмірге қауіпті ойын түрлерінің бірі – көкпарға қатысуы дұрыс әрекет емес. Бұл баланың өміріне үлкен қауіп тудырады. Сондықтан, қауіпсіздік мәселесіне тереңірек көңіл бөлген жөн. Бұл міндет жергілікті атқарушы органның өкілдерінен бастап, аудандық білім бөлімі мен аталған бөлімге қарасты білім беретін мекемелерге қатысты маңызды мәселе. Ең бастысы – балалардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-аналардың тікелей міндеті.
Осыған орай, ауданға қарасты ауылдық округтерде ұйымдастырылатын көкпар ойындарының назарда болуын тұрақты бақылауға алған дұрыс!
Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс! Бұл қоғамның дамуы үшін өте маңызды!
«Жаңа өмір»-ақпарат
