Basty bet
Жетпейді ешбір байлық денсаулыққа, «Тәуба!» де түспей тұрып тас басыңа!
Тәуба ет түспей тұрып тас басыңа…
Кезінде сол бір күндер ғажап еді,
Еске түсіп көңілді тербейді енді.
Бұл байлық кейде жетіп, жетпесе де,
Адамы сол заманның мейірімді еді…
Бұл күнде келте ойлап кей нәзікжан,
Менмін деп, шаңырақтың «үй қожасы».
Басынан бір ауыз сөз асырмаса,
Ол үйдің дөңгелемес өрге тасы.
Төменшіктеп жүрсе егер үйде әке,
Өскен ұл дей алмаймын «оқ жонады».
Болса да аты – жігіт, бой-тұлғасы.
Рухы мен намысы оның ерте өледі.
Құдай қосқан қосағы болса тәуір,
Ажырамас, жат болмас туыс-бауыр.
Осы күн дүние жетер, пейіл тар-ау,
Байлық шіркін көңілді етті қарау…
Есейгенде қыз біткен түзейді бой,
Келте көйлек киеді болғанда той.
«Әй» дейтұғын әжелерін тыңдамаса,
Кінәлі сірә, оған анасы ғой…
Бір ақ-рет өмірге келеміз тек,
Болғаны ғанибет-ау көргенің той.
Байлық, мансап ниетті бұзбаса деп,
Басыма неше түрлі келеді ой…
Ертеде кісілік кішіліктен аттамаған,
Ие болып жүрсе де мол байлыққа.
Бұл күнде садақасын бере алмай жүр,
Қол жайып келген кей жан қажылыққа.
Ежелден Ана,
жар, қызымызды сыйлағанбыз,
Дәстүр мен салтымызды ұстанғанбыз.
Нәзіктік пен мейірім Аналарда,
Бас иіп, құрметтейміз әр заманда!
Арнасына сыймаған долы өзен де,
Күні жетсе арнадан тартылады.
Өмірде асып-тасқан қай пенде де,
Күні жетсе…. Ұлылықтың Иесіне,
Алланың алдында нақ бас иеді…
Аспа да, таспа пенде тоқшылыққа,
Астамшылық жеткізер жоқшылыққа.
Жетпейді ешбір байлық денсаулыққа,
«Тәуба!» де түспей тұрып тас басыңа!
Ескірмейді махаббат
Ғашықтар өтті талай әр заманда,
Естайдай ғашық болған Қорланына.
Жүрек кілтін ұсынып жас шағымда,
Ғашық боп қалған ұлмын Жуалыда…
Сол қызды теңей білсем ақ қағазға,
Қараудан қос жанарым еш тоймаған.
Ұмытпай сол бір бейне ой-санамда,
Тылсым күш, не құдірет, ұмытпаған?!
55 жыл өтіпті арамызда,
Кім білсін, енді қанша қырды асамын?!
Өзіңді ойлағанда оңашада,
Талай рет арнап жаздым жыр саған…
Көп жандардың жан сыры құпия ма,
Сүйгеніне қосылғандар аз болған ба?!
Жан дүниесі тұп-тұнық мөлдір еді.
Сол үшін теңедім мен ақ қағазға…
Осы менің жан серігім десем де,
Тағдыр бізді тоғыстырмай айырды.
Арамызда жарты ғасыр өтсе де,
Сызат түспей сол сезімге байырғы.
Ойға шомып отырғанда кештерде,
Сұрамадым сыр ашпайтын жұлдыздан.
Сенің мүлде келмесіңді білсем де,
Күттім кейде көрінер деп жолдардан…
Қанша жылдар өтсін, мейлі, арада,
Көз алдымда сенің нәзік, нұр бейнең.
Жүзік емес, жүрек кілтін ұсынып,
Мен де өтемін Сені ұнатып өмірден!!!
Досыма
Жас келді,
біз қартайдық, білем, досым
Сен барда жабырқамас көңіл қошым.
Саған деген ақ ниет сол қалыпта,
Бөліп алып кеткенше ажал тосын…
Дос болдық шынайы ай жарқыраған,
Ризамыз, бұл тағдырға алдамаған.
Достығымыз біздің күндей дер едім,
Күн екеш күн де орнында тұра алмаған.
Ертерек Алматыда танысқанбыз,
Ой қуып, білім-сана жарысқанбыз.
Сыйластық пен адалдық сенім болып,
Ту етіп достықты ақ ұстанғанбыз…
Жүрмесек те досым-ау, күнде бірге,
Ізгі ой, ақ ниеттер бұл көңілде…
Ауыл алыс досым-ау, тілегім сол,
Ауырмай аман жүрші, осы өмірде!
Жасы келген әрбір жан қартаяды,
Қартайса адам орнын жас басады.
Жарқырап жерді жыртқан сол темірді,
Уақыты жеткен кезде тат басады…
Өз ортаңда мен білер қариясың,
Теңіз емес, терең ойлы дариясың.
Ақылшы, данасы сен әулетіңнің,
Сөзімнің қатесі жоқ, бәрі де шын!!!
Көктем
Қара бұлт төнсе зеңгірден,
Жауынменен жер көгерер.
Ырысы үшін халықтың,
Диқан мен малшы төгер тер.
Айнала жайнап, көгеріп,
Жауынды болды бұл көктем.
Сай-сала, дала гүлденіп,
Нұрын төкті күн көктен.
Тойынып қырда төрт түлік,
Қайырып жатыр күйісін.
Төлдері ойнап, секіріп,
Иіскеп сан гүл иісін…
Мазасыз қумай малшылар,
Жайбарақат мал қайырып.
Жайланған көңіл сол шығар,
Әңгіме айтар кең отырып…
Қорғап мені жүр ма екен періштелер?
Бұла жүрек түкпірде сыр сақтайды,
Көрінгенге мұң шағып, ақтармайды.
Көңіл деген бейнебір көк дөнендей,
Сынған айна қалпына келе алмайды…
Жылдар жылжып барады, күндер өтіп,
Жақсы жанмен бір жүрсең жан жадырар.
Тұманды ой-санаңнан алшақ кетіп,
Адастырмас бағыттан жол таптырар.
Қара түске елжіреп, илікпеймін,
Көңіл салқын әйтеуір, бір білерім…
Қараның да әр қыры болары хақ,
Теріс қарап бәрінен сырт кетпеймін…
Қатты ыстыққа қара тас ерімейді,
Ерісе майда құм боп қалатындай.
Тас секілді кей жандар өзгермейді,
Адамды қараулықтан сақта, Құдай!
Қара түс ұнамайды кейде мүлде,
Қарадан «дық» қалғандай көңілімде…
Қара түске қайтейін, күйе жағып,
Бәлкім…
Қатты көңілім қалған-ау бір пендеге.
«Қара тас ұйқың келсе мамық болар»,
Мәди ақын айтқаны айғақ шығар?!
Бұл жалған қайта айналып келмесі анық,
Ниетті таза ұстайық, ей, адамдар!!!
Бұл тағдыр сынағына салған талай,
Сынағына жиі алып мені ұдай…
Лайық боп жүрмін мен де адам атқа,
Көрсетпе, тек сынақты енді Құдай…
Таң атарда әуелі қылаң берер,
Жұтып тұрмын таза ауа жан сергітер.
Зеңгір көктен ары асты бір бейнелер,
Мені қорғап жүрген сол періштелер!!!
Құрбыға…
О, замандас, құрбы қыз кездескенде,
Не іздедің, телміріп бет-жүзімнен?!
Ойлы көзбен қозғалмай қарап қалдың,
Естелік қалғандай-ақ өткен күннен…
Бүгінгі мына бейнем айнытта ма,
Зер салдың беттегі әжім, ақ шашыма?!
Алланың құзырынан аса алмаймын,
Барым сол, осы бейнем қаласаң да…
Сезініп құрбым, сұрасаң етті,
Жүректің соққан дүрсілін епті.
Күш-қуат барда бойымда әлі,
Көтерем білем, біршама жүкті…
Есімде менің әлі де,
Қараушы ең көзді төңкеріп.
Шаршапсың қазір өзің де,
Бейнең де сенің өзгеріп…
Таңдандың, неге құрбым-ау,
Санаспас бізбен бұл уақыт?!
Ұрпақтар жүрсе аман-сау,
Сол ғана бізге зор бақыт!!!
Аман болсын, бөлелер!
Жақсы хабар білуге елеңдеген,
Жанашыр жан өмірде бөле деген.
Сыйластығы бауырмал ғажап ерен,
Ізетіне «ат-шапан» дәметпеген…
Керегі оған бөленің амандығы,
Ниеті ақ, байқалмас сараңдығы.
Жалғаны жоқ сөзімнің нақ дәлелі,
Дастарқаны ақ пейілмен жайылғаны…
Бөлең бары жақсы ғой бұл өмірде,
Болмайды екен оларда «бақталастық».
Кездескенде сағынып, құшақ жайып,
Дейді бірден күлімдеп, төріме шық…
Маған әпке бөлеке, Сенің анаң,
«Бауырым!» деп, Анашың маған да алаң.
Жақсы тілек бөлемнің отбасына,
Үйде отырып мен-дағы ойыма алам…
Рәтбек ҚАСЫМБЕКТЕГІ,
ардагер ұстаз.
«Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері.
Нұрлыкент ауылы