Basty bet
Жамбыл облысының тексеру комиссиясына – 15 жыл
Жамбыл облысында тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай мерейтойлық жиын өтті. Іс-шара «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылды.
Басқосуға облыс әкімі, Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері, өңірлік тексеру комиссияларының төрағалары мен сала мамандары қатысты.
2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан комиссия жергілікті бюджет қаражатының заңды әрі тиімді жұмсалуын бақылап, өңірдегі қаржылық тәртіпті нығайтуға үлес қосып келеді.
Соңғы үш жылда комиссия 16 ауқымды аудит жүргізіп, 117 нысанды қамтыды. Тексеру барысында жалпы сомасы 136,3 млрд теңгенің қаражаты бақылаудан өтті.
Мерейтойлық жиын барысында мемлекеттік аудиттің маңызы, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.
Тексеру комиссиясының 15 жылдық қызметі өңірдегі мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізу мен қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың маңызды кезеңі болды.
