Basty bet
Даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілуде
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Біздің мақсатымыз – мемлекеттің тұрақтандырушы рөлін сақтай отырып, нарықтық институттар мен құрылымдардың толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Осы ретте, «қарапайым заттар экономикасын» естен шығармаған жөн. Бұл – біздің жұмысымыздың басым бағыты. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» деп мемлекеттің азаматтар алдындағы басым функциялары атап көрсетілген.
Қызыларық ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметінде елімізді дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, Тұңғыш Президент-Елбасы ұсынған «Ұлт жоспары»-100 нақты қадамнан, «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасынан, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалардан туындайтын міндеттерді сабақтастық сақтай отырып, орындауды басты назарға алуда.
Атқарылған жүйелі шаралардың нәтижесінде округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етіліп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жылдан-жылға жақсарып келеді.
Округтегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 8688,6 га, о.і. егістік жер көлемі 6119 га, жайылым жер көлемі 2567 га, шабындығы 2,6 га. құрайды. Ауыл еңбеккерлері өткен жылдың өнімі үшін 6 119 га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын сеуіп, уақтылы жиналуын қамтамасыз етті. Соның ішінде масақты дәнді дақылдар 2 387 га (оның ішінде күздік бидай 812 га, жаздық арпа 1 470 га, дәндік жүгері 15 га, сүрлемдік жүгері 90 га), 45 га көкөніс, 1650 га майлы дақылдар (оның ішінде 1 402 га мақсары, 248 га күнбағыс), 400 га картоп, 15 га қант қызылшасы, 1 565 га мал азығы және 57 гектар сүдігер дайындалды.
Жоспарланған ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 30,0 млн. теңге болса, нақты орындалғаны – 48 175,0 мың теңге. Шаруалар жалпы сомасы 48 175,0 мың теңгеге «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы және өз қаражаттарына заманауи үлгідегі жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.
Мал шаруашылығы саласында мүйізді ірі қара 3 250 басты (2018 жылы 3 101 бас), қой-ешкі 7757 басты (2018 жылы 9375 бас), жылқы 758 басты (2018 жылы 1075 бас), құстар 5 511 басты (2018 жылы 5394 бас) құраған. Мал басының кейбір түрлері есепті жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда артып келеді.
ҚР «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес округте жануарлар ауруларының алдын алу, диагностикалау, емдеу, ауру табылған жағдайда оны жою, өтемақысын төлеу, залалсыздандыру, бірдейлендіру шараларын орындау мақсатты жолға қойылған. Осыған байланысты жыл бойына 5 000 бас ірі қара малға аусылға, 2 500 бас сиырға, 1 000 бас жылқыға сібір жарасына қарсы вакцина салынды. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендіру бағдарламасына сай сырғаланып, чиптеліп, 100 % компьютерлік дерекқорға енгізілді. 70 иесіз ит аулап, жойылды.
Ірі қара мал тұқымын асылдандыруда Алатау ауылының тұрғыны Сапарбек Шоқақов өз үйінде малды қолдан ұрықтандыру пунктін ашып, қазіргі таңда қажетті деңгейде жұмыс жасауда.
Округте 157 кәсіпкерлік субъект (2018 жылы 140 кәсіпкерлік субъект) тіркелген, оның ішінде 37 (2018 жылы 28) жеке кәсіпкер, 120 (2018 жылы 112) шаруа қожалығы тіркелген.
Құрылыс саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Түркістанқұрылыс» ЖШС Теріс-Ащыбұлақ ауылында бес келушіге арналған медициналық пункттің құрылысын жүргізіп, ғимарат жыл соңында пайдалануға берілді.
Аудан әкімі мен ауылдық округі әкімі арасында жасалған келісімде ұсынылған түйінді индикаторлар тізбесіне сай округте 450 шаршы метр тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілуі тиіс болса, орындалғаны 410 шаршы метр немесе 91%.
Округтегі бес елді мекеннің орталықтандырылған ауыз сумен қамтылғаны бір елді мекен – Қызыларық ауылындағы ауыз су нысандары «Жуалы-су» МКК мекемесінің басқарымында.
Егіс алқаптарын суландыратын Көксай каналынан келетін жалпы ұзындығы 24 шақырымдық бес ішкі шаруашылық каналды теңгерімге алу мақсатында олардың мемлекеттік жер актісі жасалды. 2020 жылы каналдарға жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыруға жобалық-сметалық құжаттама жасалып, ұсыныс берілуде.
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша ауылдық округте автомобиль жолдарын орта жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу келісім шарттар жасалып, жұмыстар жүргізілді, яғни Алатау ауылындағы Шет және Мөлтек, Сұрым ауылындағы Сламбай көшелеріне құмшағал төселді.
«Елді мекендерді жарықпен қамтамасыз ету» бағдарламасы шеңберінде Қызыларық ауылындағы үш көшеге, Сұрым ауылындағы бір, Теріс-Ащыбұлақ ауылындағы екі көшеге жарықтандыру жүйесі орнатылды.
Білім беру саласында округте жалпы 4 білім беру ұйымы қызмет етеді. Мұнда жаңа оқу жылында 539 бала білім алуда. Жалпы білім беретін төрт мектептің барлығы компьютерлендіріліп, Интернет желісіне қосылған, 100 % телефон байланысымен қамтамасыз етілген.
Округте 14 мекеме, 3 мешіт бар, барлығы газбен жылытылады.
Теріс-Ащыбұлақ елді мекенінен 38 оқушы Ақтөбе орта мектебіне тасымалданып оқытылса, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 150 бала ыстық тамақпен қамтылуда.
Спорт саласында 12 іс-шара ұйымдастырылды. Ы.Алтынсарин және Ақтөбе ОМ кешкі уақытта жастар мен ересек азаматтардың спортпен айналысуға мүмкіндігі бар.
Аудан әкімі мен ауылдық округі әкімдері арасындағы келісімдердің түйінді нысаналы индикаторларына сай тұрғындардың дене шынықтырумен айналысуы үшін үш спорт алаңшасы, яғни, Қызыларық және Ақтөбе ауылдарында «Стрит воркаут» спорт алаңшалары және Қызыларық ауылында кіші футбол алаңшасы орнатылды.
Жергілікті салықтар жоспары 3616,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 4217,1 мың теңге немесе орындалуы 116,6 пайызды құрады. Оның ішінде жеке табыс салығы жоспар 2000,0 теңге болса, нақты түсіп отырғаны 2114,9 мың теңге немесе орындалуы 105,7 пайыз, көлік салығы жоспар 1400,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 1818,9 мың теңге немесе орындалуы 129,9 пайыз, мүлік салығы жоспардағысы 26,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 36,0 мың теңге немесе орындалуы 138,5 пайыз, жер салығы жоспардағы 188,0 мың теңгенің орнына нақты түсіп отырғаны 245,3 мың теңге немесе орындалуы 130,5 пайызға орындалды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 1 «қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бағыты аясында тоғыз адам оқыту жоспарланса, 10 адам оқуға жолданды (111%), соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 8 адам немесе 90,0% құрады.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3 бағыты шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адам тарту керек болса, орындалғаны төрт адам немесе 40,0 пайызды құрады. Себебі, шаруа қожалықтары жұмысшыларды тек маусымдық жұмыстарға қабылдайды.
Бағдарламаның 3 бағыты шеңберінде «Жастар практикасымен» жұмыс атқаруға сегіз адам жоспарланса, жалпы жұмыс істеген адамдар саны 9 немесе 112,5% құрады. Осының ішінен жеті адам тұрақты жұмыстарға орналасты. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 10 адам тарту жоспарланса, 16 адам ақылы қоғамдық жұмыстармен айналысып, жоспар 160% орындалды.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2 бағыты шеңберінде кәсіпкерлікті ынталандыру, яғни «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне алты адам оқыту жоспарланып, 11 адам оқып сертификаттарын алды (183,3%).
Стартаптарды іске асыруға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілуін ұйымдастыру бойынша жалпы жоба саны 10 болса, 100 АЕК (252 500 теңге) қатысушылар саны 1 адам, 200 АЕК (505000 теңге) қатысушылар саны – 9 адамды құрап, жоспар 100 % орындалды. Атап айтқанда, грант ұтып алғандар округіміздің 29 жасқа дейінгі жастары.
Аудан әкімінің Қызыларық ауылдық округі тұрғындары алдында есеп беру кездесулері барысында Ақтөбе ауылындағы балабақша, мектеп, мәдениет үйінің алдындағы автожолға жасанды кедергі орнату туралы айтылған ұсыныс жыл ішінде орындалды.
Ауылдық округтің 2020 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында Сұрым ауылындағы М.Сламбай көшесінің қалған бөлігін ағымды жөндеу, осы ауылдағы Сарымсақсай және М.Сламбай көшелерін жарықтандыру, округ шекарасына кіреберісте арка, паспорттық мәліметтер жазылған тақта орнату көзделген.
Бүгінгі күнге өңірде шешімін таппай отырған мәселе Қызыларық ауылындағы үш бөліктен (үй-жайдан) тұратын ескі мектеп ғимаратының бір бөлігінен мәдениет үйін, екінші бөлігінен бокс үйірмесін ашу, ал үшінші бөлігін ауылдық округі әкімінің аппаратының теңгеріміне алып, әкім аппаратын осы ғимаратқа көшіру жұмыстарын жүргізу. Бұл жұмыстар алға баса, көптеген тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі пайда болатын еді.
Марат ҚАСЫМБЕКОВ,
Қызыларық ауылдық округінің әкімі