Basty bet

КОРОНАВИРУС – ол қандай ауру?

Коронавирустар – бұл жануарлар мен адамдар арасында таралған вирустардың үлкен отбасы. 2019 жылы жаңа коронавирус ауруы (2019-nCoV) Қытайда, Ухань қаласында, алғаш рет анықталған респираторлық ауру. Хабарламалар бойынша, Уханьда емделушілердің көбі Қытай теңіз өнімдері мен жануарлардың ірі нарығымен байланыста болған науқастар себепші болды. Бұл адамнан адамға таралатын ауру. Қазіргі таңда 2019-nCoV вирусының арнайы емі жоқ, ауру жағдайлары тіркелген елдерде симптоматикалық емдеу жүргізілуде.
Аурудың белгілері: Жөтел, температураның көтерілуі, ентігу, құсу, диарея, пневмония.
Прогрессия жағдайында науқаста өлімге әкелуі мүмкін өте ауыр асқынулар дамуы мүмкін. Бұл өкпе жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі. 2019-nCoV адамнан адамға қалай беріледі?
2019-nCoV коронавирус тұмау сияқты: науқас адаммен тікелей байланыс арқылы, түшкіру және жөтел кезінде, науқас адамның жеке заттарымен және ыдысымен байланыс арқылы жұғады.
Жуалы ауданында жаңа коронавирус пайда болған аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында Қытай Халық Республикасына баратын туристер, саудагерлер келесі сақтық шараларын сақтауы қажет:
– шетелдік сапарларды жоспарлау кезінде эпидемиологиялық жағдайды нақтылау;
– жануарлар, теңіз өнімдері сатылатын базарларға баруға болмайды;
– тек термиялық өңделген тамақты, бөтелкедегі суды пайдалану;
-хайуанаттар паркіне, жануарларды тарту арқылы мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатыспау;
– тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану (маска);
– адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан кейін және тамақ ішер алдында қолды жуу;
– аурудың алғашқы белгілері кезінде емдеу ұйымдарына медициналық көмек көрсету, өзін-өзі емдеуге жол бермеу;
– Жамбыл облысы аумағында медициналық көмекке жүгінген кезде медициналық персоналға Қытай Халық Республикасында болған уақыты мен орны туралы ақпарат беру.
Жуалы аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қытай Халық Республикасына эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін барудан бас тартуды ұсынады.
Марат Искаков,
Жуалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close