Basty bet

Балық аулауға тыйым салынады

Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 14-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасының балықтардың уылдырық шашу кезеңі туралы 2019 жылғы 12 сәуірдегі №37-ө бұйрығын орындау мақсатында 2019 жылдың 15 сәуір мен 31 мамыр айлары аралығында ауданның су айдындарында (өзендер, арналар, көлдер, тоғандар, су қоймалары) балық аулауға тыйым салынған мерзімге арналған орман шаруашылығы мекемелерінің балық ресурстарын қорғау жөніндегі іс-шаралары өткізіледі. Осы мерзімде балықтардың уылдырық шашуына байланысты балық аулауға тыйым салынатынын хабарлаймыз!
Сонымен қатар, балық аулауға қызығатын азаматтарға жоғарыда көрсетілген бұйрықты тиісті түрде орындамау қылмыстық және әкімшілік жазалауға әкеп соғатын ескертеміз.

Ринат Мәдібекұлы,
«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-нің аңшылықшы маманы

Таңдаулы материалдар

Close