Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты еліміз бойынша 67 328 адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Осы тұрғыда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мұрат Сапаевтан аудандағы мемлекеттік әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы мәлімет алған едік. Мекеме басшысының мәліметінше, 1 сәуір мен 6 сәуір аралығында 539 адамнан өтініш келіп түскен. Оның ішінде 317 адамға мемлекеттік әлеуметтік төлем төленсе, 19 тұлғаның өтініші кері қайтарылған, яғни төлем тағайындалмаған. Қалған азаматтардың өтініші қаралу үстінде.
Оның айтуынша, тұрғындардың өтініші еGov.kz, 42500 enbek.kz сайты арқылы және мейлінше тиімді әртүрлі жолдармен келіп түсуде екен. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері еліміздегі төтенше жағдайға байланысты коронавирустың алдын алу және болдырмау мақсатында құрылған аудандық штаб мүшелерінің көмегімен берілуде. Штаб мүшелері тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мәселелерін шешуге көмектесуде.
Аудан тұрғындарының әлеуметтік көмекті алуы үшін барынша жағдай жасалуда. Ең бастысы, олардың денсаулығын назарға алып отырған жайы бар.
Өтініштерді қарау жəне əлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі – 3 жұмыс күні. Əлеуметтік т ө л е м д е р проактивті форматта, яғни азаматтардың өтініштерінсіз (бірыңғай төлемді төлеушілер үшін) тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МƏСҚ-тан əлеуметтік төлем мөлшері бір адамға айына 42 500 теңгені (ең төменгі жалақы) құрайды, ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
– орта, шағын жəне микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
– жеке кəсіпкерлер (бұдан əрі – ЖК);
– жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кəсіби медиатор) (бұдан əрі – ЖП);
– бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан əрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;
– карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.