Basty bet

Жастар кәсіпкерлігінің үлесі мол

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауы халық пен азаматтық қоғам өкілдерінің көңілінен шықты. Халық асыға күтетін жылдың басты саяси оқиғасы болып табылатын Президент Жолдауы мемлекетіміздің бағыт-бағдарын айқындайтын, халықтың алдына жаңа міндеттер қоятын жылдың басты құжаты екені баршамызға мәлім.
Аталған құжатта еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін еместігі де айтылып отыр. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Саяси жүйенің бұл формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі саналады. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үнінне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» делінген Президент Жолдауында.
Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен іске асырылып жатқан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруға бейімделуде. Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар, ауылдық округтің әлеуетін арттыруға септігін тигізуде. Ұсынылған бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру нәтижесінде округ тұрғындарының әл-ауқаты артып, тұрмысы түзелуде. Соның бір көрінісі ретінде Жолдаудың алғашқы жемісі «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге арналған бағдарламасына биылғы жылдың желтоқсан айында республикадан қолдау алып, Шақпақ ауылдық округінің еніп отырғанын айтуға болады.
Шақпақ ауылдық округі ауыл шаруашылығын кәсіп еткен өңір болғандықтан, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне беріліп жатқан жеңілдіктер тиімді пайдаланылуда. Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттің тұрақты қолдауы нәтижесінде, аталған сала жылдан-жылға өзінің өсімін көресітіп отыр.
Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың арқасында, округте ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы жер көлемі – 23833,0 га, оның ішінде егістік жер көлемі – 8029,0 га, жайылымдық жер көлемі – 15021,0 га, көпжылдық екпелер 95,5 га, шабындық жерлер 709 га, құрайды. 2019 жылы жоспар бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 6055,0 га егістік жер игеріліп, жоспар 100 пайызға орындалды. Игерілген алқапқа 220,0 га жоңышқа, 348,0 га күздік бидай, 1660,0 га арпа, 1474,0 га мақсары, 20,0 га картоп, 20,0 га көкөніс, 5,0 га қант қызылшасы, 2204,0 га көпжылдық шөп егіліп, 925,0 га жер парға қалдырылды. Соның ішінде бидай – 348,0 га орылып, 24,3 центнерден 847 тонна өнім алынды; мақсары – 1474,0 га орылып, 7,9 центнерден 1164 тонна өнім алынды; арпа – 1660,0 га орылып, 23,2 центнерден 3851 тонна өнім алып, жоспарланған индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, аталған саланы дамытуда «Береке» шаруа қожалығы 4 миллион 535 000 теңгеге «МТЗ 82,1» маркалы тракторын, ал «Әнет» ШҚ 6 миллион 500 000 теңгеге жүк тиегіш алып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға өз үлестерін қосуда. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін мемлекет тарапынан 45 тонна жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай бөлініп, округ шаруа қожалықтары толықтай алды.
Ауыл шаруашылығы саласын интеграциялау мақсатында ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатында «Минагро» бағдарламасы енгізілген болатын. Жоспарға сәйкес, порталға егістік жердің 7855 гектарын енгізу керек болса, орындалғаны 6884,88 га, яғни 87,6 пайыз. Жайылым жоспар 1423 га болса, орындалғаны 1154,12 га яғни 81,1 пайыз, шабындық 257 га болса, орындалғаны 72 га, 28 пайыз, көпжылдық екпелер 60 болса, орындалғаны 60 га яғни 100 пайыз.
Жолдауда атап көрсетілгендей, «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін өндірістік қызметке тартуды және оларды алып қою жөніндегі тиісті тетіктерді (қажеттігіне қарай) күшейтумен жұмысты жандандыру» тапсырмасына орай округімізде 5-7 шақырым жердегі жайылым жерлер анықталып, мерзімі аяқталған 6,5 гектар жайылым жер кері қайтарылды және дәл осындай мерзім аяқталған 6,5 га жайылым жер аудандық жер комиссиясының қарауына жіберілді.
Округте егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да тұрақты даму үстінде. Округ тұрғындарының көпшілігінің кәсібі мен табыс көзі мал шаруашылығымен тікелей байланысты болғандықтан, мал шаруашылығы саласын дамыту ерекше маңызға ие. Бүгінгі таңда округтегі ірі қара мал саны 3470 басты, уақ мал саны 9428, жылқы саны 590, үй құстары 6809-ды құрайды.
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында, өңірде фермерлік, шағын және орта бизнесті дамыту үшін, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртумен қатар, аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамытуға баса мән беріп, ауыл шаруашылығын аяғынан тұрғызудың басым міндеттерін айқындап берген болатын.
Сонымен қатар, сүт көлемін көбейту мақсатында ауылдық округте «Амангелді» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, өз жұмысын жүргізуде. Жетекшісі Қуат Жапарқұлов. Шағын шаруашылықтарды ірілендіру мақсатында барлығы жеті шаруашылық біріктіріліп, нәтижесінде «БірлікАгро» АШӨК құрылып, егін шаруашылығымен айналысуда. Жетекшісі Әмірхан Сейітбеков.
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Өйткені кәсіпкерлік саласын өркендету мемлекет саясатының ажырамас бөлігі екені белгілі. Кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенер болсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды орынға ие екенін көреміз. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы өңірде жаңа жұмыс орындар ынашуға, қоғамдағы жұмыссыздық мәселесін төмендетуге және әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқатуға мүмкіндік туатыны белгілі. Аталған саланы оңтайлы жүзеге асыру мақсатында қазіргі таңда округте 63 жеке кәсіпкерлік субъектісі және үш заңды тұлға, 271 шаруа қожалығы тұрақты жұмыс жасауда. Осы кәсіпкерлік нысандарында 387 адам жұмыспен қамтылған.
Президент тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында округте мал басын көбейту үшін 23 жеке тұлға жалпы 70 миллион теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Округте мал шаруашылығымен қатар құс шаруашылығын дамыту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша округтің 22 тұрғыны жалпы 11 миллион 110 000 теңге қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерін жүргізуде. Оның ішінде айта кетер болсақ, сұлулық салоны, заанен ешкілерін, күркетауық және қаз өсіруге әрқайсысы 505 000 теңге қайтарымсыз грант алып, мал, құс шаруашылығы және халыққа қызмет көрсету бағытындағы кәсіптерін ашып, жұмыстар жүргізу үстінде. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен бірлесе отырып «Бизнес Бастау» бағдарламасы шеңберінде 10 адам оқып, «Бизнес Көмекші» сертификаттарын алды.
Аппарат қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі аудан бюджетін тұрғындар есебінен төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер арқылы толықтыру. Салық жинаудың жылдық жоспары толығымен орындалды.
Шақпақ ауылдық округі 2019 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылып отырған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 33 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде, әлеуметтік жұмыс орындарына төрт адам, тұрақты жұмыс орындарына төрт адам жұмысқа тартылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 15, «Жастар тәжірибесі» бойынша 14 адам жұмысқа тартылды. Сондай-ақ, аталған бағдарламаның бірінші бағытын орындау мақсатында кәсіптік оқуға жоспар бойынша 15 адам бекітілген болса, нақты орындалғаны 11 адам. Атаулы әлеуметтік көмек екі бағытта жүргізіліп, жалпы 203 отбасы жобаға қатысып отыр. Оның ішінен 167 отбасы шартты ақшалай көмек нұсқасына, қалған 36 отбасы шартсыз ақшалай көмек нұсқасына қатысып, бөлінген қаражатына әлеуметтік келісімшарты бойынша тиесілі малдарын және үй құстарын алып, кәсіп ашты. Округтегі жағдайы төмен отбасыларға жеке кәсіпкерлердің есебінен қайырымдылық шарасын ұйымдастыру арқылы 32 отбасына азық-түлік таратылып, көмек берілді.
Өткен жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жыл басынан 2933,0 мың (екі миллион тоғыз жүз отыз үш мың) теңге бөлінді. Оның 967,0 мың теңгесіне Амансай ауылының тұсындағы аялдамаға баспалдақ жасалынды, 676,0 мың теңгесіне Шақпақата ауылының С.Есімұлы және Ж.Оразбаев көшесі арасындағы қиылысына ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді, 417,0 мың теңгеге Т.Дүйсебайұлы ауылындағы С.Нарбайұлы және Б.Момышұлы көшелерінің арасындағы көпірге ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді, 557,0 мың теңгеге Т.Дүйсебайұлы ауылындағы көпірге ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді, 230,0 мың теңгеге Т.Дүйсебайұлы ауылына ойын алаңының жанына «Street Workout» алаңшасы орнатылды. Ауылдық округ бойынша көшелердегі жарықтандыру шамдарын ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған жұмыстар атқарылды.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша NEET жастар (оқымайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiктiлiгiн жоғарылатпаған)14 адамды құраса, жыл соңыңда төрт жас тұрақты жұмысқа, екі жас «Жастар тәжірбиесіне», бір жас қоғамдық жұмысқа, бес жас 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болып, кәсібін ашты. Ал екі жас әлі NEET жастар қатарында, олармен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіргізу мақсаты қойылғаны белгілі. Дамудың маңызды көрсеткіштерінің бірі – 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес үлесін 50%-ға жеткізу. Елбасы әрбір маңызды басқосуда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде айтып, тиісті тапсырмалар беріп те жатыр. Осыған орай, мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп келеді.
Қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерге біршама қолдау бар. Сол мақсатта біз Шақпақ ауылдық округінде жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін жыл басынан бері кәсіпкерлер палатасының басшылары мен қызметкерлерін тарта отырып аймақ жастарымен кездесулер, семинар-тренингтер өткізіліп, жастарға толыққанды түсіндірілді. Атап айтар, шақпақаталық жас азамат Жастар жылына орай жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Олжас Тұрғын есімді кәсіпкер екі миллион теңге грант ұтып алып, Б.Момышұлы ауылынан «Робототехника» орталығын ашты.
«Серпін-2050»-«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» бағдарламасы аясында ауылдық округ бойынша сегіз жас солтүстік өңірлерде білім алуда, оның бесеуі биылғы жылы дипломдарын алады.
Ауылдық округте 2020 жылдың І тоқсанындағы жоспарланған іс-шаралардың орындалуына келсем, 2020 жылға белгіленген салық көрсеткіштерінің жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қыс мезгілінде Шақпақ ауылдық округіндегі елді мекендердің көшелері қардан тазартылды. Шақпақата ауылындағы Д.Пахомов және С.Есімұлы көшесіндегі жарық шамдары «диодты» шамға ауыстырылды. Аталған ауылдағы Д.Пахомов көшесі бойына үш жерге қатты қалдық тастайтын арнайы жәшік орнатылып, аптасына бір рет арнайы орынға шығарылады.

Қанат Қайыпов,
Шақпақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

Таңдаулы материалдар

Close