Qoǵam
24 азаматқа айыппұл салынды
Ағымдағы жылдың бес айында Көліктегі полиция департаменті Тараз ст. ЖПБ, Боранды ст. ЖПб полиция қызметкерлері теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткендері үшін 24 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Өкінішке орай, ата-аналардың бақылауынан тыс қалған балалар көп ретте оқыс жағдайға ұшырап жатады. Боранды ст.ЖПб полиция қызметкерлері өз кезегінде мұндай оқиғалардың алдын алуға бағытталған шараларды ұдайы жүргізіп келеді. Әкімшілік шара қабылдап, соның ішінде, өз өмірлері мен денсаулығына немқұрайды қараған азаматтарды, балаларының қауіпті аймақта үлкендердің бақылауынсыз жүргендері үшін ата-аналарды жауапкершілікке тартады»- деді Тараз ст. ЖПБ Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Мақсат Дүйсенбиев.
Оның мәліметінше, 2019 жылдың І тоқсанында Тараз ст.ЖПБ қызмет көрсету аумағында теміржол көлік нысандарында балалар жарақаттануының (жолаушылар пойызының 2-сөресінен құлау, қайнаған суға күйіп қалу, теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өту ережесін бұзудың) 24 фактісі тіркелді. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жылжымалы құрамның соғып кетуінің салдарынан қайтыс болуына байланысты бір факті тіркелді.
Шәміл Керімбаев,
Тараз ст. ЖПБ Боранды ст. ЖПб бастығы,
полиция майоры