Qoǵam
Мемлекеттік қызметші әдепті болуы қажет
Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал халық мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.
Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаларына мыналар жатады: заңдылық; қазақстандық патриотизм; азаматтың құқықтары, бостандығы мен заңды мүддесінің мемлекет алдындағы басымдығы; лауазымдық мiндеттерiн орындағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы; мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы; әдептілік; құқықбұзушылықтарға төзбеушілік.
Мемлекеттік қызметшілердің орындауы тиіс негізгі әдептілік талаптары:
-жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына негізделген мемлекеттік қызметтің әдеп нормалаларының негізі мен қағидаларын сақтауға;
– мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қаупін тудыруға қарсы іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол бермеуге;
– егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен көзделген міндеттерді атқаруға, тыйым салған және шектерді сақтауға;
– мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасамауға;
-мүдделер қақтығысын болғызбауға және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
-егер мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындамауға;
-қызметтік функцияны атқаруға қатысты тиімді, нәтижелі, ашықтық тәсілдерді іздеуге және пайдалануға;
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
-өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге;
-қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып өзіне және отбасы мүшелеріне игіліктер және артықшылықтар алмауға;
-лауазымдық міндеттерін пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделері үшін пайдаланбауға;
-пара немесе параға жақын құқықбұзушылыққа жататын құқықбұзушылықтарды жасамауға;
-қызметте жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында кетушілікке жол бермеуге;
-мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар бермеуге;
-шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеуге;
-қызметтік тәртіпті сақтауға, басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін уақтылы орындауға;
-қызметтік ақпаратты жарияламауға, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы;
-Қазақстанда тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын және тілдерін құрметтеуге;
– өз өкілеттігін атқара отырып жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мүддесі үшін пайдаланбауға;
-әріптестерімен және азаматтармен іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
– қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге;
-әріптестеріне өз діни көзқарасын ашық көрсетпеуге, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге;
-сырт келбеті іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуге;
-сыбайлас жемқорлық көріністерін жасады деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға;
– көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын сақтауға;
-мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікір-сайысты сыпайы нысанда жүргізуі тиіс.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқықбұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді.
Ақсай ауылдық округі әкімінің аппаратында жоғарыда айтылған қағидаттар сақталуда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп» кодексі мен құзырлы және тиісті органдардың “сенім” телефондары көрнекі орынға ілінген.
Мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтау, мәдениетті, кішіпейіл болу міндеттілігі туралы облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Серік Әлібеков пен аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Серік Қойбақов тұрақты түрде келіп, түсіндірме жұмыстарын жасап, кеңестерін беріп отырады.
Қазыбек БЕЙСЕҚҰЛОВ,
Ақсай ауылдық округінің әкімі