Qoǵam

Тілге құрмет – елге құрмет

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі өткен жылы «Бейбітшілік және келісім» жобасын әзірлеген болатын. Жобаның мақсаты – ұлтаралық қатынасты нығайту, әлеуметтік тұрмыстық мәселелерді шешу, ауылда бизнесті дамыту және діни түйткілдерді зерделеу.
«Бейбітшілік және келісім» жобасын жүзеге асыру мақсатында біздің ауданда да түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шаралар. Атап айтқанда, жақында Ақтөбе,Шақпақ және Жетітөбе ауылдық округтерінде Халықаралық ана тілі күніне орай этнос өкілдерімен кездесулер өтті. Шаралардың мақсаты – ауыл тұрғындары арасында ауызбіршілікті, ынтымақты нығайту, туған ауылына деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру.
Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері арасында өткен шаралар барысында қатысушылар «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында эссе жазды.
«Ұлтым басқа, тілім бір», «Мен қазақша сөйлеймін!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Еркін форматтағы кездесуде өзге ұлт өкілдері елдің ынтымағы мен ауызбіршілігін мақтанышпен айтты, қазақ халқына алғысын білдірді, қазақ халқымен ағайын-туыс, дос, бауыр, құда-жекжат болып араласатындықтарын жеткізді. Іс-шараға ерекше белсенділікпен атсалысқан қатысушыларға бөлім басшысының атынан Алғысхаттар тапсырылды.
Елдің ынтымағы мен жердің берекесі бәрінен де қымбат. Сондықтан ынтымағымыз бен бірлігіміз жасай берсін!

Фариза Оразымбетова,
аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close