Qoǵam

Жеке табыс салығы қалай есептеледі?

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 341-баптың 1-тармағы 49) тармақшасында (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 52) тармақша), егер жұмыскердің бір айдағы есептелген кірісі 25 АЕК-тен аспаған жағдайда, жұмыскердің салық салуға жататын кірісіне 90 пайыз көлемінде түзету орнатылған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап) Салық кодексінің 341, 342, 346, 347, 349, 350, 351, 356 баптарына және (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабына (кірістерді түзетудің, салықтық шегерімдердің, декларация тапсыруға арналған ақша қаражаттар сомасының шегінің) мөлшерлерінің еселілігін есепке ала отырып ЕАТМ-ін АЕК-ке ауыстыру бөліміне өзгерістер енгізілген.
Бұл ретте, жеке тұлғалар үшін 1 ЖАТМ мөлшерінде стандартты салықтық шегерім, сонымен қоса БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдерін алатын жеке тұлғалар үшін зейнетақы төлемдері бойынша және жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша 1 ЖАТМ мөлшерінде салықтық шегерім сақталған.
341-баптың 1-тармағы 53) тармақшасында салық салынуға тиісті жеке тұлғаның кірісінен «Астана-Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушысы болып табылатын заңды тұлғаның жұмыскерлерінің табысы алынып тасталады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 319-баптың 2-тармағында және қолданысқа енгізу туралы Заңымен жеке тұлғаның төмендегі түрдегі кірісі ЖТС салудан босату белгіленген:
31) тармақша (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 25) тармақша) – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедекке әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке көмекші болып табылатын жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мүгедекке тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруі кезінде алынған материалдық пайда жеке кәсіпкердің кірісі деп қарастырылмайды.
341-баптың 1-тармағының 13) тармақшасында «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер жеке тұлға өтінішті кірістің түзету мөлшерін көрсетпей табыстаған жағдайда түзетуге тиісті деп белгіленген.
Қолданысқа енгізу туралы Заң және Салық кодексінің 341-бабының 2 тармағы жеке тұлғаға салық агентіне өтініш және растаушы құжаттарды тапсыру кезінде Салық кодексінің 48-бабының 2 тармағымен қарастырылған талап қою мерзімі аясында кірістеріне қайта есептеу жүргізу құқығын береді.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 343-баптың 3 тармағында жеке тұлға салық кезеңінде бірнеше салық агенттерінен міндетті зейнетақы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары түріндегі салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы деп белгіленген.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қолданысқа енгізу туралы Заңның 33 бабының жариялымында:
326 бапта:
1) тармақшада зейнетақы қоры құралатын зейнетақы жарналары тізімінен 2014 жылғы 01 қаңтарда қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары алынып тасталынған.
2) тармақшада БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерге отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асыратын тұлғаға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы қоры бар қайтыс болған тұлғаны жерлеуге берілетін біржолғы төлем қосылған.
341-баптың 1 тармағымен 2018 ж. 01.01. бастап жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін түзету белгіленген:
18) тармақша – жерлеуге арналған салық агентімен күнтізбелік жыл бойында тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған және республикалық бюджет туралы заңында белгiленген жалақының ең төменгi мөлшерiнің (бұдан әрі – ЖАТМ) 8 еселенген шегінде жасалған төлемдер – қайтыс болу туралы анықтама немесе қайтыс болу туралы куәлік болған жағдайда.
343-баптың 1 тармағымен міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдер және зейнетақы төлемдері түріндегі салықтық шегерімдер салық агентімен төлеу көзінен өтініш және растаушы құжаттардың көшірмесін тапсырусыз қолданылады деп белгіленген.
343-баптың 3 тармағымен жеке тұлға салықтық кезеңде бірнеше салық агенттерінен 345-баптың 3 тармағында көрсетілген зейнетақы төлемдері бойынша салықтық шегерімдерді және міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы деп белгіленген.
343-баптың 4 тармағымен жеке тұлғаның Салық кодексінің 48-бабының 2 тармағымен қарастырылған талап қою мерзімінің аралығында салық агентіне ұсынылған өтініш және растаушы құжаттардың негізінде кірістерге қайта есептеу жүргізуге құқығы белгіленген.
353-баптың 3 тармағымен зейнетақы төлемдерін алушыларға 346-баптың 2) және 3) тармақшаларымен белгіленген стандартты салықтық шегерімдерді қолдану құқығы берілген.
366 бапта жеке кәсіпкердің кірісін белгілеу реті анықталған.

Жанәділ Рахимбердиев,
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

Таңдаулы материалдар

Close