Аудан әкімінің кезекті аппарат жиыны өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындығы, ҰБТ-дағы өзгерістер туралы болды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігінің білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлсім Сыпатаева баяндама жасады.
-Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде 11 сыныбы бар 29 орта мектепте (Жамбыл ат. ОМ 11 сынып жоқ) 719 мектеп бітіруші оқу жылын аяқтады. Бітіруші түлектердің «Алтын белгі» төсбелгісіне 27 бітіруші (2019 жылы 38 оқушы 4,8%)және «Үздік аттестатқа» 46 бітіруші (6,1%) (2019 жылы 36 оқушы 4,5%) бітірді,- деді Гүлсім Ақылбекқызы. – 2019 жылы мектеп бітірушілер саны 791, ҰБТ тапсырғаны 750 (94,8%). ҰБТ- жалпы орташа балл 97,5% құрайды.
Мектеп бітіруші 719 оқушының Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін 2020 жылдың 15 сәуір мен 10 мамыр аралығында 684-і (95,1%)өтініш берді.
Ағымдағы жылдың 3 маусым күні оқушылардың тест тапсыру күндері анықталды. Атап айтсақ, (22 маусым күні 14 мектеп – 169 оқушы, 23 маусым күні 7 мектеп – 174 оқушы, 24 маусым күні 4 мектеп – 170 оқушы, 25 маусым күні 4 мектеп – 171 оқушы).
Тестілеу өткізу кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және тест тапсырушылардың даулы мәселелерін шешу мақсатында аппеляциялық комиссия құрылады. Комиссия төрағасы немесе төрайымы арнайы министрліктен келген өкіл болып табылады. Ал, аппеляциялық комиссия құрамына 10 пәннен (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, адам және қоғам, математика, физика, география,биология және химия) аудандағы жоғары санатты педагогтардан комиссия құрамы бекітіледі.
ҰБТ-дің бірінші кезеңі (ақылы) қаңтардың 17 күні өткізілді, екінші кезеңі (ақылы) наурыз айының 24-29 күндері жоспарланған болатын (карантин режіміне байланысты өтілу күні белгісіз)алайда маусым айында өткізіледі, үшінші кезең (грант) маусым айында 2020 жылдың 22,23,24,25 маусым күндері өткізіледі.
ҰБТ өткізу барысында 10 аудитория дайындалып, негізгі 9 аудитория (1 аудитория қосымша) санитарлық нормаға сәйкес, 10 ауа баптағыш, 11 ұялы байланыс сигналын тұншықтырғыш құралдар, 13 бейнебақылау камера, 3(1-жиектемелі, 2 қолға ұсталатын) металл іздегіш құрылғыларын және 1 видеотіркеуіш қолданылу жоспарлануда.
Биылғы жылдың жаңалығы мен өзгерістері:
– Қауіпсіздік шараларын жасай отырып, індеттің бетін алу мақсатында балаларды аудиторияға отырғызу 2 есе қысқартылды, яғни отырғызу арақашықтықтары кеңейтілді. Мысалы. 40 орындық аудиторияға 20 бала отырғызылады, 30 орындық аудиторияға 15 бала отырғызылады. Сөйтіп, алдыңғы жылдардағы 2 күндік ҰБТ биыл 4 күнге созылады.
-Өтініштерді тұлғаның цифрлық идентификациясын «Digital ID» жүйесіне онлайн тіркелу арқылы жүргізілді, яғни ҰБТ-ға онлайн өтініш берді.
– Ұлттық бірыңғай тестілеудің ашық, объективті таза өтуі мақсатында тестілеуге кіретін түлектен тыйым салынған заттар (ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың кез келген түрі (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары, шпаргалкалар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, калькуляторлар мен түзету сұйықтығы) табылса, ол алынып қойып тапсырушы ары қарай емтиханға кіре беретін. Биылдан бастап тестілеу ғимаратына кіргізу барысында тыйым салынған затпен анықталған түсуші сол тестілеуге жіберілмейді және ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады, ал тестілеу барысында анықталса, тестіленушінің нәтижесі жойылады.
Сонымен қатар, ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін бейнебақылау жазбалары талданады, түсушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда оның ҰБТ мен білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері жойылады.
ҰБТ-ның COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде өтуіне байланысты, әрбір ҰБТ өткізу пунктіндегі 10 аудиторияда (1 спортзал, 9 кабинет) отыратын түлектерді залалсыздандыратын кіреберісте 2 туннель 3 тепловизорлармен, 7 аяқасты төсеніштерімен, 6 арнайы санитайзерлермен, 684 оқушыға (2 данадан) маскалар, 100 қолғаптармен қамтамасыз ету мақсатында қажетті қаражаттар бөлініп алынды.
Сонымен қатар, оқушылар №1 мектеп-гимназиясы базасының алдында жолақты (қызыл, ақ) ленталы жолмен кіріп. арнайы 2 туннельден өткізіліп, 3 қатармен медициналық тепловизормен тексеріліп, аяқасты төсеніштен өтіп. металл іздегіш құрылғыларымен тексеріліп кіргізіледі.
Арнайы «Ютуб» каналы арқылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін 10 аудиторияда тікелей эфирге қосылып, ата-аналармен көрермендердердің көруге мүмкіндіктері бар.
ҰБТ тапсыратын оқушылармен мектеп психологтары «Өзін-өзі реттеу», «Мен болашақ маманмын», «Тест тапсырудағы сабырлылық», «Психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыптарында психологиялық тренингтер ұйымдастырып, олармен түзету жұмыстарын көмек көрсету мақсатында ұдайы жүргізіп отырды.
Қазіргі жағдайда індеттің белең алуына байланысты мектеп бітірушілері ҰБТ-ға дайындық жұмыстары негізінде онлайн тестwww.testcenter.kz, Мектеп бірітуші түлектер Daryn.online, BilimLand, iTest бағдарламалары арқылы онлайн түрінде тегін сынама тесттер тапсырып, өз білімдерін сынауда,- деді Гүлсім Ақылбекқызы.
Баяндамашыға аудан әкімі Нарбай Ергебеков білім сапасы, тағы да басқа мәселелер туралы сұрақтар қойды.
-ҰБТ талаптары қатаңдатылып отыр. Бала алаңдамай, тестілеуге тек өзінің біліміне сеніп кіруі тиіс.
Жасыратыны жоқ, балалардың тестілеуге дайындалмай ақшаға, басқаға сеніп жүруіне ата-ана кінәлі? Мұндай көзқарастан арылатын кез келді. Болашақ – білімді жастардың қолында. Сондықтан балаларды үйде, мектепте жақсылап дайындау керек.
Мектеп – қасиетті қара шаңырақ. Мектеп білімі, тәлім-тәрбиесі, безендірілуі барлық мәселе жағынан жоғары деңгейде болуы керек. Алайда бізде ауласы шөп басып кеткен, бірде бір гүл егілмеген мектептер бар. Әрбір бала мектепке қуанып келуі үшін, мектептен тәрбие-біліммен қатар тағылым алуы үшін мектептің іші-сырты, мазмұны, ондағы ұстаздар қауымы соған сай болуы қажет,- деді Нарбай Әбілқасымұлы.
Сонымен бірге, маңызды мәселенің бірі мектептердегі ішке соғылатын әжетханалар өз уақытында әрі сапалы орындалуын қатаң қадағалауда болатынын ескертті.