Basty bet

онлайн-оқулар өтуде

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлттың болмысы мен бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.

Биылғы жылы елімізде қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтілуде. Осы орайда, аудандық, ауылдық кітапханалар қашықтық режимінде оқырмандарға онлайн қызмет көрсетіп, Абай Құнанбаевтың – 175 жылдығына Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу мақсатында шаралар ұйымдастыруда. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру мақсатында онлайн іс-шаралар «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшаларына жүктелуде.
Атап айтқанда, «Абай жүрген ізбенен» тақырыбында аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырмандары Көркем Фархатқызы, Аяулым Аманғали, Қосбөлтек ауылдық кітапханасының оқырмандары А.Рейімбай, А.Иланбай, Шақпақата ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Асылай Əмірбек, Аян Əмірбек, Қарасаз ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Әнел Батихан, Бәйтерек ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Күнсұлу Абдуғаппарова және кітапханашы А.Алтайбекова, Талапты ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Арайлым Сейіткерім, Ажар Әскербай, Шыңбұлақ ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Мерей Бекбал, Жұлдызай Асқарқызы, Жаңаталап ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Карима Әріпжан, Нұрсұлтан Қазақбай, Т.Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасының оқырмандары М.Сыдықбек, А.Сыдықбек, Рысбек батыр ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Сәмен Майра, Ертай ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Назымбек Балнұр, Асқарбек Аяна, Т.Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Сыдықбек Мейіржан, Сыдықбек Аяжан, Қошқарата ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Махай Жұлдыз ақынның өлеңдерін оқыды. Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында «Ұлы Абай – халық жүрегінде» атты онлайн-оқулар ұйымдастырылып, «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктелді.
Сонымен қатар, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» арнайы жобасы аясында аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Абайдың 175 жылдығына орай ақынның шығармаларын насихаттау мақсатында «Абай оқулары» атты аудандық байқауы ұйымдастырылуда.
Күләш Таубалдиева,
аудандық орталық кітапхананың
әдістемелік бөлім меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close