Basty bet

Жолға ағымды жөндеу жүргізілуде

Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аудандық «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» газетінің 2019 жылдың 28 мамырындағы №38 санында жарияланған журналист Абылайхан Сәрсеннің «Жолдың жайын жүрген біледі» атты мақаласына мынаны хабарлайды: аудандық мәндегі «Бурнооктябрь-Кастальевка» бағытындағы автожолдың Нұрлыкент ауылының шығаберісі мен Теріс ауылына кіреберісі аралығындағы 1,1 шақырымын жөндеу жұмыстарына 18303,0 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, 2020 жылға «Жол картасы» бойынша жоспарға енгізілді. Сонымен қатар, облыстық мәндегі «Бауыржан Момышұлы-Қызтоған» бағытындағы автожолдың Ертай ауылына дейінгі, Ертай ауылынан әрі қарай Қошқарата, Қызтоған ауылдарына дейінгі бөліктерін ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Жол де Люкс» ЖШС мердігер болып анықталды. Бүгінгі күнде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың 15-33 шақырымын орта жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Ерболат Сейітбеков,
аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close