Basty bet

Жамбыл облысы аумағында шектеу іс-шараларын кезең-кезеңмен әлсірету туралы ҚАУЛЫ

14 тамыз 2020 жыл № 32 Тараз қаласы

Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Надуев Ғазиз Дүйсенбекұлы, “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабы 7-тармағының 3) және 3) тармақшалары негізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларына” сәйкес, Жамбыл облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жамбыл облысының аумағында 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00.00-ден бастап шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық өмірінің ерекше жағдайлары бар шектеу іс-шараларын кезең-кезеңмен әлсірету режімі енгізілсін. Коронавирустық инфекция бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын ұзарту режімі мен мерзімдері өзгеруі мүмкін.
2. Жамбыл облысының қалалар, аудандар, ауылдық округтер әкімдеріне:
2.1. Барлық автокөлік құралдары мен азаматтардың Жамбыл облысының және облыстың барлық елді мекендерінің аумағына (аумағына) кіруіне және шығуына рұқсат етілсін.
2.2. Аптаның жұмыс күндері жолаушылар тасымалы үшін қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат етілсін.
Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі керек. Қоғамдық көлікке кіруге тек жеке қорғану құралдарында (отыратын орындар санына сәйкес медициналық бетперде) рұқсат етіледі; такси қызметінің қызметтерін автокөлік құралдарының тиісті санитарлық-гигиеналық жай-күйін қамтамасыз ету үшін тиісті материалдық-техникалық мүмкіндіктері бар ресми тіркелген ұйымдар көрсетеді.
2.3. Жамбыл облысы аумағында адамдар мен жеке көліктердің еркін жүруіне рұқсат етілсін.
2.4. Саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға әлеуметтік қашықтықты және үш адамнан аспайтын маска режімін сақтай отырып баруға рұқсат етілсін.
2.5. Ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі (5 адамнан аспайтын жағдайда);
3. Үйлер мен пәтерлерден ерекше қажеттіліксіз көшеге шықпауға және үйді оқшаулау режімін қамтамасыз етуге кеңес беру:
– 65 жастан асқан адамдарға;
– денсаулығында жалпы проблемалары бар “тәуекел тобы” болып саналатын азаматтарға;
– созылмалы аурулары бар адамдарға.
Осыған байланысты ЖАО жалғыз тұратын қарт адамдарды, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етсін.
4. Көрсетілген режімде жұмыс істейтін келесі объектілердің жұмысына рұқсат етілсін:
сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін қоғамдық тамақтану объектілері жазғы алаңдарда және залдарда 30-дан аспайтын отыратын орын орнатылып, келушілер отыратын орындар санына сәйкес бір уақытта бола отырып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып орналастырылады. Бұл ретте ұжымдық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
қалыпты режімде:
сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспайтын);
1 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының;
мониторингтік топтардың дайындық актілерін бұрын алған базарлар;
азық-түлік емес сауда дүкендері;
азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік дүкендері;
автосалондар, автомобиль көлігінің қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер;
дәріханалар, ветеринарлық дәріханалар мен клиникалар;
сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, тамақ өнімдерін, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дистрибуциялау;
дезинфекциялау құралдарын өткізу жөніндегі мамандандырылған дүкендер мен қоймалар;
ауыл шаруашылығы техникасына, өсімдіктерді қорғау құралдарына, тыңайтқыштарға, тұқымдарға (көшеттерге) және құрылыс материалдарына арналған қосалқы бөлшектердің саудасын ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемді өткізу нүктелері;
азық-түлік қоймалары;
тұрмыстық техника дүкендерінің;
теміржол вокзалдары, автовокзалдар, автостанциялар;
қонақ үйлер;
автожанармай құю және автогаз құю станциялары;
тігін және аяқ киім шеберханалары;
байланыс және инфотелекоммуникация қызметтерін көрсету жөніндегі ұйымдар;
автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары;
авто жуу орталықтары (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету авто жуу орындары);
“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы (Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету бөлігінде), “бірыңғай диспетчерлік қызмет 109” КММ»;
АӨК саласындағы кредиттік серіктестіктер мен МҚҰ, “ҚазАгро” ҰБХ “АҚ және “Даму” КДҚ ” АҚ қаржы институттары, сондай-ақ POS-терминалдарды іске қосатын ұйымдар;
көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар салаларындағы компаниялар;
пошталық, курьерлік қызметтер;
мамандандырылған күзет ұйымдары;
жеке медициналық орталықтар;
екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері, айырбастау пункттері, микроқаржы ұйымдары;
“Қазпочта” АҚ – 2020 ж. 15 тамызында 18.00-ге дейін, 2020ж. 17 тамызында қалыпты режімде;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары, орталықтар сервисі (тұрмыстық және ұйымдастыру техникасын жөндеу бойынша);
оптика салондары (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері мен дүңгіршектер;
жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша компаниялар, жарнама агенттіктері;
сақтандыру компаниялары, бухгалтерлік және консалтингтік компаниялар;
геологиялық және барлау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі компаниялар;
ломбардтар, нотариустар және адвокаттар;
жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар;
ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған сервистік орталықтар;
түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындау орталықтары);
сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызметтер көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша);
бассейндердің, моншалардың және сауналардың жұмыс істемей-ақ фитнес-орталықтар (толымдылығы 50%);
балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектер білім беру орталықтары (5 адамнан аспайтын топтар, жазба бойынша);
мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтары (15 адамнан артық емес);
қашықтықты сақтай отырып, бетперде киіп, келушілер ағынын реттей отырып, ашық ауада жүру;
туристік фирмалар.
5. Келесі қызметтерге рұқсат ету:
әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режімді сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, ұлттық компаниялардың, басқа да ұйымдардың қызметін үйлестіру. Бұл ретте өндірістік емес қызметкерлердің кемінде 80% – ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады.
электр энергетикалық компаниялар мен компаниялар (өндірушілер, тасымалдаушылар, бөлшек жеткізушілер);
баспана қорын (фонд) басқару аясындағы компаниялар (электриктер, сантехниктер, аулалар мен үйлерді жиыстырушылар, оның ішінде лифтерде жұмыс жасайтындар);
өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары (жобалау-ізденіс жұмыстары, құрылыс саласындағы сараптама, стандартизациялау, сертификациялау, авторлық және техникалық қадағалаулар, құрылыс материалдарын өндіру және тасымалдау, оның ішінде жол жөндеу мен соғу) және өз қызметтерін вахталық әдіспен орындайтын кәсіпорындар, тамақтану өндірісі кәсіпорындары.
6. Қоғамдық көліктерді әр рейске шыққан сайын, жұмыс жасап жатқан супермаркеттерді, дүкендерді, қоғамдық көліктер тоқтайтын аялдамаларды (күніне екі реттен кем болмайтын), жер үстіндегі және жер астындағы жолаушылар өтетін жолдар бойындағы сүйеніштерді, орындықтарды, банк банкоматтары мен терминалдарын, РОS-терминалдарын жуғыш және дезинфекциялайтын заттарды пайдалана отырып залалсыздандыруды қамтамасыз ету.
7. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, өнеркәсіп субьектілерінің басшыларына:
-Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 5 шілде 2020 жылы шыққан №78/2020 бұйрығымен бекітілген «Коронавирусты инфекциясының таралу қаупінің туындауынан сақтандыру бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің санитарлық талаптарының» және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.08.2020ж, №47 Қаулысы талаптарын орындалуын қызметіне қарай қатаң қамтамасыз ету.
8. Жергілікті атқару органдарындағы мониторинг топтарының басшыларына:
-тексеру кестесіне сай өнеркәсіптік субьектілердің қажетті алгоритмдерді орындауларына бақылауды қамтамасыз ету.
9. Тыйым салыну сақталады:
спорттық, отбасылық, естелік, думанды, мерекелік және басқа да жиындарға, оның ішінде үй ішіндегі жиындарға;
барлардың жұмысы, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және басқа да балалар мен ересектерге арналған көңіл көтеретін орындардың;
мәдениет обьектілерінің, мұражайлардың қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
бассейндердің, қалалық және қоғамдық шомылу орындарының;
діни ұйымдарының (мешіттердің, шіркеулердің, ғибадатханалардың және басқаларының);
қала сыртына жүретін жолаушылар поездарының/электричкаларының қозғалысына,жұмысшы поездарынан басқа, жалпы ортақ вагондарды жасақтау, халықаралық автобустар/микроавтобустардың қозғалысына.
10. Демалыс күндерінде шектеу шараларын қатаңдату
10.1. халықтың қозғалысы:
қоғамдық көліктің жұмысын тоқтату
65 жастан асқан тұлғалардың сыртқа шығуын шектеу
ашық ауада, үй-жайларда, көлікте- барлығы үшін бетперде киіп жүру ережесін сақтау.
10.2. қызметін тоқтатсын:
сауда-ойын-сауық орталықтары (бутиктер), сауда үйлері, сауда жүйелері;
азық-түлік сататын және азық-түлікке жатпайтын басқа заттарды сататын жабық базарлардың;
сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін обьектілері;
фитнес-орталықтары;
монша мен сауналар;
балалар мен ересектерге арналған оқыту орталықтары, коррекциялық кабинеттері;
сыртта ашық жерде өткізілетін аттракциондар;
11. Тараз қаласы және аудандар әкімдеріне:
11.1. Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің 14.08.2020 ж. №47 Қаулысының талаптары негізінде объектілердің қызметін қайта жаңғырту;
12. Жамбыл облысы әеімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы басшысы, сонымен қатар жеке медициналық ұйымдардың басшыларына:
12.1. медицина ұйымдарында инфекциялық бақылау қызметінің бар болуы және аймаққа бөлу мен қатаң санитарлық-дезинфекциялық талаптарын сақтай отырып жоспарлы ауруханаға қабылдау мен жатқызуды жаңғырту;
13. Тараз қаласы мен аудандардың Әкімдеріне, Жамбыл облысы мен Тараз қаласы ведомствоаралық комиссияларға (өңірлік оперативті штабтарға), аумақтардың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлеріне:
12.1.эпидемиологиялық ахуал асқынған жағдайда (коронавирус инфекциясының тіркелуінің өсуі) иелігіне қарайтын аумақтарда карантин және шектеу шараларын қатаңдату бойынша шұғыл түрде шаралар қолдану;
14. Жамбыл облысының тұрғындарына:
14.1. сыртта (далада) және жабық үй-жайларда, оның ішінде сауда обьектілерінің аумақтарында, қоғамдық жерлерде болғанда, қоғамдық көліктерде жүргенде бір-бірінен 2 метрден кем болмайтын қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
14.2. Қоғамдық жерлерде,қоғамдық көліктерде бетпердесіз (маскасыз) жүруге болмайды;
15. Жамбыл облысының полиция департаментіне:
15.1. қызметі тоқтатылған обьектілерінде карантин шараларының бұзылуын анықтаған кезде, өз қызметінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында шұғыл түрде шаралар қолдануды қамтамасыз ету.
16. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына, аудандар мен қалалардың Әкімдеріне:
16.1.осы қаулының барлық бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде басып шығарылуын қамтамасыз ету;
16.2. коронавирус инфекциясының алдын алу, Жамбыл облысы бойынша карантин ережелерін сақтау бойынша жаднамалар, хабарландырулар, инфографикалар тарату, бейнероликтер, жүгіртпе жолдар және басқалары арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.
17. Жергілікті атқару органдары, облыстағы өмірлік маңызы бар кәсіпорындары (электр, жылу, сумен жабдықтау және басқалары) басшыларына:
17.1. Жүргізілген шараларға бақылау жүргізуімен,соның ішінде зертханалық су құбыры және кәріз құрылғылары жүйелеріндегі апаттарды дер кезінде жоюды қамтамасыз ету.
17.2. қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, қызметкерлердің құрама бөлімшелері шеңберінде қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын тұруын болдырмау.
17.3. негізгі технологиялық әрекеттерге қатысы жоқ жұмысшыларды қашықтан істеу үлгісіндегі жұмысқа көшіру.
18. Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментіне:
18.1. Теле, радиоканалдарын және дауысты зорайтатын дауысұлғайтқыш арқылы қалалық хабар тарату жүйесін тарту.
19. Жамбыл облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басқарма басшыларына:
19.1. Осы қаулымен көрсетілген органдар мен ұйымдардың, қызметін жандандырған кәсіпорын субьектілерін таныстыру.
19.2. Жамбыл облысы аумағында санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды жүргізу.
19.3.Жоғарыда көрсетілген обьектілерде санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шаралардың жүргізілуіне бақылауды қамтамасыз ету.
19.4. Аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірге осы Қаулының орындалуы бойынша басқа шараларды қолданылсын.
19.5. Осы қаулыны мүдделі мекемелердің барлығына жеткізу, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы құлақтандыру.
20. Меншік түріне қарамастан барлық заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың Қаулыны орындауы міндетті.
21. Келесі Қаулылардың күші жойылсын:
Жамбыл облысы аумағындағы объектілердің қызметін шектеу бойынша карантиндік іс – шараларды күшейту туралы 13.06.2020 ж. №26;
Жамбыл облысы аумағында объектілердің қызметін шектеу бойынша карантиндік іс-шараларды күшейту туралы 22.06.2020 ж. №27;
Жамбыл облысында қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы 05.07.2020 ж. № 28;
Құрбан айт мерекесі кезінде Жамбыл облысында қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы 30.07.2020 ж. №29;
Жамбыл облысында қатаң шектеу карантиндік шараларын ұзарту туралы 30.07.2020 ж. №30;
Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №30 қаулысына Жамбыл облысында қатаң шектеу карантиндік шараларын ұзарту туралы өзгерістер енгізу туралы 11.08.2020 ж. №31;
22. Осы қаулының орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері Ғ.Д. Надуев

Таңдаулы материалдар

Close