Basty bet

Азаптауға жол жоқ!

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес, адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға тыйым салынатыны айқындалған.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміз азаптауларға нөлдік төзімділік қағидасын ұстанатындығын атап көрсетіп, адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әрекеттерді болдырмау бағытында кешенді шаралар қолдануды тапсырған.
Дегенмен азаптаулар адамның конституциялық құқықтарының елеулі бұзылуына әкеп соқтыратын әрекет ретінде танылса, оларды алдын алу және болдырмау құқық қорғау органдарының басты міндеті болып табылады.
Аудандық прокуратурамен үйлестіруші орган ретінде бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылып, азаптауларды болдырмау бағытында Жуалы аудандық полиция бөлімінің бейнебақылау жүйесі ұдайы тексерілуде.
Сонымен қатар полиция ғимараттарында прокуратура қызметкерлерімен үнемі тексеру жүргізілуде.
Өз кезегінде адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының тиімді қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында кезекші прокурорлар (+7-775-734-37-02) тәулік бойы қоңыраулар қабылдауда.
Сіздің құқықтарыңызды қорғау аудандық прокуратураның басты жұмыс бағыты екендігін ескеріп, туындаған мәселелер бойынша кез келген уақытта кезекші прокурордың телефонына хабарласуға шақырамыз!
Аудандық прокуратура

Таңдаулы материалдар

Close