Basty bet

Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы – басты назарда

Боралдай ауылдық округі аумағының жалпы жер көлемі 32 775,49 гектар болса, ауыл шаруашылығы алқабы 21 975,49 гектарды құрайды, оның ішінде, 9 070 гектар егістік жерлер, 8 778 гектар жайылым жерлер және 130 гектар шабындық жерлер.

2022 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 6 770 гектар егістік жер егіліп, жоспар 100% орындалды. Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, округте 4 718 бас мүйізді ірі қара малы тіркелген, оның ішінде сауынды сиыр 1 772 бас, қой-ешкі 26 613 бас, жылқы 1 484 бас және 12 524 құс тіркелген.
Мал шаруашылығын қолдау бағытындағы «Сыбаға» бағдарламасы аясында жыл қорытындысы бойынша округтің шаруа қожалықтары 92 бас мал сатып алды.
Округ шаруа қожалықтарымен жеке тұрғындарында жалпы 85 ауыл шаруашылығы техникалары мен 31 тіркемелер тіркелген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен елімізде іске асырылып жатқан бағдарламалар аясында және ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау арқасында, үстіміздегі жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша округтің шаруа қожалықтары «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизинг жүйесімен және жеке қаражаттары есебінен жалпы сомасы 24 200,0 мың теңгеге төрт ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.
Мемлекет тарапынан 283 тонна жеңілдетілген (литрі 194 тг) бағамен жанар-жағар май бөлініп, округтің 211 шаруа қожалықтары қажеттіліктеріне жұмсады.
Кәсіпкерлік саласы бойынша айтар болсақ, округ бойынша 294 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 2 заңды тұлға (АӨК), 246 шаруа қожалық, 46 жеке кәсіпкер. Осы кәсіпкерлік субъектілерінде 361 адам жұмыспен қамтылған.
Несиелендіру бойынша, «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қолдау» қоры АҚ Жамбыл облыстық филиалы арқылы жеңілдетілген 6 пайызбен 5 ауыл тұрғындары мен жеке кәсіпкерлер 21 800,0 мың теңгеге несие алып, мал шаруашылығын дамытуда. Сонымен қатар, аталған бағдарлама бойынша 15 азамат 400 АЕК 1 225,0 мың теңге сомада қайтарымсыз грант қаражатын алуға ниет білдіріп, жұмыспен қамту орталығына тіркелді. Қазіргі таңда 6 азамат оқуды сәтті аяқтап, сертификаттарын алды.
Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» Еңбек бағдарламасы аясында 3 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтті. «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесі 6% жеңілдікпен берілетін несие бойынша 4 кәсіпкер 5,0 миллионға дейінгі сомада жалпы 20,0 миллион теңге несие алып, кәсіптерін кеңейтуде.
Микро қаржы ұйымдарының несиелендіру бағдарламалары бойынша 6 азамат неcие алды.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ағымдағы жылы 15 отбасы құжат өткізіп, 12 отбасының өтініштері қанағаттандырылып, 2 554,9 мың теңге көмек берілді. Үш отбасының табыстары асып кетуіне байланысты тағайындалмады. Сонымен қатар әлеуметтік азық-түлік пакеттері тұрақты түрде таратылып берілуде.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» Еңбек бағдарламасы аясында округ бойынша шаруа қожалықтар мен мемлекеттік мекемелерге 67 азамат тұрақты жұмыспен қамтылса, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен екі жас маман жұмыспен қамтылды және әлеуметтік жұмыс орындарына үш азамат және ақылы қоғамдық жұмысқа 16 адам тартылды.
Округте жастар саясаты бойынша да тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні округте 14 пен 29 жасқа дейінгі 653 жас бар. Олардың 102-сі жоғары оқу орнында оқыса, 63-і арнаулы оқу орындарында білім алуда.
Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы айтар болсақ, Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы» Заңына сәйкес үстіміздегі жылы көктемгі әскерге шақыру бойынша үш азамат әскер қатарына жөнелтілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті, қылмыс және құқық бұзушылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету ауыл тұрғындары арасында бұзақылықтың, тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауылдық жерлерде қоғамдастық мүшелерінің жұмысының игі әсер етуі, жастар арасында тәртіп бұзушылықтың ақыры келеңсіз жағдайларға апарып соқтыратындығы туралы үгіт-насихат жүргізу болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстың өз деңгейінде атқарылуының бірден-бір себепкері, ауыл сақшысы-учаскелік полиция инспекторымен ауыл әкімі аппаратының мамандары өзара бірлесіп, барлық шараларды жүзеге асыруда. Осыған орай, биылғы жылдың басынан округ бойынша қылмыс тіркелген жоқ, 56 әкімшілік-құқық бұзушылық тіркеліп, 120 хаттама толтырылып, 650,0 мың теңге айыппұл салынды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарда назардан тыс қалған емес. Ауылдық округкте орналасқан мекемелермен жемқорлықтың алдын алу бойынша жиналыстар ұдайы ұйымдастырылып, қоғамдағы жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды нысанда жүзеге асырылуда. Тұрғындар электронды көрсетілетін қызметтерді кедергісіз алуы үшін мекемеден өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы тұрақты жұмыс жасауда. Мұнымен қоса, мекемеде тұрғындардың арыз-шағым, өтініштеріне арнлған жәшік орнатылған.
Округте үш орта мектеп бар. Атап айтқанда, Көлтоған ауылындағы №8 С.Бәйтіков, Ертай ауылындағы №18 М.Ғабдуллин, Рысбек батыр ауылындағы №20 Жамбыл атындағы орта мектептері. Округ бойынша жалпы оқушылар саны 485. Барлық оқушыларға 99 жоғарғы және арнайы орта білімді мұғалімдер дәріс беруде. Мектептер бүгінгі күн талабына сай ретке келтірілген.
Санитарлық тазалық бағдарламасы аясында, көктемгі және күзгі санитарлық тазалау жұмыстарының жоспары бекітіліп, аталған жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. 2500 тал-дарақтар бұталып, әктелді. Сонымен бірге, 200 дана қара ағаш, 1 000 дана терек, 20 жеміс ағашы және 5 декоративті ағаштар отырғызылды. Арық атыздар мен көпірлер тазартылды. Ауыл аумағындағы күл-қоқыс тастайтын алаңдар жойылды. Сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізіліп, ауылдық округ аумағындағы қаңғыбас иттерді аулап, жою бойынша 92 ит жойылды.
2022 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен Ертай ауылының кварталішілік газ құбырларын жүргізу жұмыстары 2021 жылдың қазан айынан басталып, 2021 жылдың 20 желтоқсанында аяқталды. Бүгінгі таңда ішкі газ кіргізу жұмыстары бойынша «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі тарапынан Ертай ауылындағы 127 үйге толық монтаждау-дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп бітті, 90-ға жуық үйге табиғи газ берілді. Сонымен бірге, облыстық бюджет есебінен 151 330,0 мың теңгеге Көлтоған ауылының кварталішілік газ құбырларын жүргізу жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, бүгінгі таңда ішкі газ кіргізу жұмыстары бойынша «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі тарапынан Көлтоған ауылындағы 242 үйдің 168 үйіне монтаждау-дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді, бұл жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда 80-ге жуық үйге табиғи газ берілді. Жеке тұрғын үйлердің жылыту маусымына дейін 100% табиғи газға қосылуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық Газ мекемесімен тұрғын үйлерді бір нүктемен қосуға келісім алып, жұмыстар жалғасуда. Жалпы жеке тұрғын үйлердің табиғи газға толық қосылуына бірден-бір себеп бұл, жеке тұрғын үйлердегі құжаттарының рәсімделмеуі, яғни иелік ететін құқықтық құжаттары (мұрагерлік, техникалық паспорт, мемлекеттік актілері т.б.)
Облыстық бюджет есебінен Рысбек батыр ауылының кварталішілік газ құбырларын жүргізу жұмыстары аяқталды.
Халықтың сұранысына сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап округке қарасты Ертай және Көлтоған ауылдарындағы электр жүйесінің ескі бағаналары жаңартылуда. Бұл жұмыстар «ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС мекемесінің 2022 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарламасы аясында жүргізілуде. Қазіргі таңда Ертай ауылындағы 159 электр бағаналары, СИП кабельдері жаңартылып, 1 трансформатор орнатылды. Бұдан әрі Көлтоған ауылындағы 73 ескірген ағаш бағаналары темірбетон бағаналарымен алмастырылып, электр сымдары жаңартылатын болады.
Облыстық бюджет есебінен облыстық мәндегі Б.Момышұлы-Қошқарата бағытындағы 32-45 шақырымдар аралығындағы авто жолдың биылғы жылға қалған 6 шақырым жолы жөнделді. Жоба 2022 жылға өтпелі болатын, жалпы жоба құны 328,0 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда толық 12 шақырымға асфальт төселді. Жұмыстар жалғасуда.
Аудандық бюджет есебінен ауылдық округтегі Көлтоған ауылындағы «Бозторғай-1» тоғаны механикалық тазалаудан өтіп, «Көлтоған» тоғаны бекітіліп, су мұраптары тағайындалып, ауыл тұрғындарына үй іргесіндегі қосалқы жерлерді игеру мақсатында пайдалануға берілді. Рысбек батыр ауылындағы «Қарой» сайындағы бұзылған канал қалпына келтіріліп, ауыл тұрғындарына үй іргесіндегі қосалқы жерлерді игеру мақсатында пайдалануға берілді.
«Асар» бағдарламасы бойынша Көлтоған ауылының тұрғыны жалғызбасты, аз қамтылған Мөлдір Шәріпханқызына демеушілердің есебінен Нағашбек Сәрсенбаев сатып алып берген тұрғын үйінің құжаттарын рәсімдеу, ішкі газ құбырларын тарту, қосып беру, үйін ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Рысбек батыр ауылында осы ауылдың тумасы Расылхан Бейсеқұловтың демеушілігімен ескі «Үрзада апа» мешітінің орнына жаңадан мешіт бой көтеруде. Одан бөлек, Ертай ауылының тұрғындарының және ауылдан шыққан азаматтардың тарапынан демеушілік жасауы және жеке асарласуы есебінен «Құлбайымбет» мешітінің артында сыйымдылығы 100 адамға арналған ауыл тұрғындарына ас тарату ғимараты салынуда.
«Жомарт түлек» бағдарламасы аясында, №8 Сүгірбай Бәйтіков атындағы орта мектептің 1982 жылғы түлектері стенд орнатып берсе, 2002 жылғы түлектер «Тұрыс баба» мешітінің дәретханасын күрделі жөндеуден өткізіп, ас үйіне 20 орындық және 1972 жылғы түлектер 10, 2007 жылғы түлектер 10 орындық алып берді. Ал 2012 жылғы түлектер мешітке газ кіргізілуіне байланысты пеш орнатып берді.
Мереке күндері аз қамтылған көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері таратылып, әртүрлі көмектер көрсетілді.
Ендігі кезекте 2022 жылы атқаратын жұмыстарды айтар болсақ, 76 ауласы мен 481 тұрғыны бар Рысбек батыр ауылындағы ауызсу жүйесі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алынды, жоба құны шамамен 334,0 миллион теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, тапсырыс беруші аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан конкурс жарияланды. Қазіргі таңда мердігер анықталып, келісім-шарт жасалуда.
Ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша биылғы жылы аудандық бюджеттен жалпы 29 298,0 мың теңгеге Көлтоған ауылындағы Әмір, Рысбек батыр көшелерін орта жөндеу бойынша конкурс жарияланып, мердігер анықталып, жөндеу жұмыстары басталып қазіргі таңда жолдардың негізі салынуда.

Бауыржан АБДАЛИЕВ,
Боралдай ауылдық
округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close