Basty bet
Коронавирусқа қарсы сақтық шаралары
Қазіргі танда коронавирус індетімен бүкіл әлем күресуде. Елімізде індетпен күресуге барлық күш жұмылдырылуда. Індеттің белең алып кетпеуі үшін халықтың сақтық шараларын барынша сақтағаны жөн. Карантин режімінің қатаң сақталуына байланысты еліміздегі індеттің тіркелуі бәсеңдеді. Соның негізінде «Жамбыл облысы аумағында шектеу іс-шараларын кезең-кезеңімен әлсірету туралы» Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің 14 тамыз 2020 жылғы №32 қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес келесі шектеу іс-шаралары орындалуы тиіс:
1.Көрсетілген режімде жұмыс істейтін келесі объектілердің жұмысына рұқсат етілсін:
сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін қоғамдық тамақтану объектілері жазғы алаңдарда және залдарда 30-дан аспайтын отыратын орын орнатылып, келушілер отыратын орындар санына сәйкес бір уақытта бола отырып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып орналастырылады. Бұл ретте ұжымдық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
қалыпты режімде:
сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспайтын);
1 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының;
мониторингтік топтардың дайындық актілерін бұрын алған базарлар;
азық-түлік емес сауда дүкендері;
азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік дүкендері;
автосалондар, автомобиль көлігінің қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер;
дәріханалар, ветеринарлық дәріханалар мен клиникалар;
ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемді өткізу нүктелері;
тұрмыстық техника дүкендерінің;
теміржол вокзалдары, автовокзалдар, автостанциялар;
автожанармай құю және автогаз құю станциялары;
тігін және аяқ киім шеберханалары;
байланыс және инфотелекоммуникация қызметтерін көрсету жөніндегі ұйымдар;
автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары;
авто жуу орталықтары (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету авто жуу орындары);
пошталық, курьерлік қызметтер;
екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері, айырбастау пункттері, микроқаржы ұйымдары;
“Қазпочта” АҚ – 2020 ж. 15 тамызында 18.00-ге дейін, 2020ж. 17 тамызында қалыпты режімде;
оптика салондары (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері мен дүңгіршектер;
ломбардтар, нотариустар және адвокаттар;
сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызметтер көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша);
бассейндердің, моншалардың және сауналардың жұмыс істемей-ақ фитнес-орталықтар (толымдылығы 50%);
балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектер білім беру орталықтары (5 адамнан аспайтын топтар, жазба бойынша);
мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтары (15 адамнан артық емес);
қашықтықты сақтай отырып, бетперде киіп, келушілер ағынын реттей отырып, ашық ауада жүру;
2. Келесі қызметтерге рұқсат ету:
әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режімді сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, ұлттық компаниялардың, басқа да ұйымдардың қызметін үйлестіру. Бұл ретте өндірістік емес қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады.
өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары (жобалау-ізденіс жұмыстары, құрылыс саласындағы сараптама, стандартизациялау, сертификациялау, авторлық және техникалық қадағалаулар, құрылыс материалдарын өндіру және тасымалдау, оның ішінде жол жөндеу мен соғу) және өз қызметтерін вахталық әдіспен орындайтын кәсіпорындар тамақтану өндірісі кәсіпорындары.
3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, өнеркәсіп субьектілерінің басшыларына:
-Қазақстан Республикасы-денсаулық сақтау министрлігінің 5 шілде 2020 жылы шыққан №78/2020 бұйрығымен бекітілген «Коронавирусты инфекциясының таралу қаупінің туындауынан сақтандыру бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің санитарлық талаптарының» және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.08.2020ж, №47 Қаулысы талаптарын орындалуын қызметіне қарай қатаң қамтамасыз ету.
4. Тыйым салыну сақталады:
спорттық, отбасылық, естелік, думанды, мерекелік және басқа да жиындарға, оның ішінде үй ішіндегі жиындарға;
барлардың жұмысы, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және басқа да балалар мен ересектерге арналған көңіл көтеретін орындардың;
мәдениет объектілерінің, мұражайлардың қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
бассейндердің, қалалық және қоғамдық шомылу орындарының;
діни ұйымдарының (мешіттердің, шіркеулердің, ғибадатханалардың және басқаларының);
қала сыртына жүретін жолаушылар поездарының/электричкаларының қозғалысына, жұмысшы поездарынан басқа, жалпы ортақ вагондарды жасақтау, халықаралық автобустар/микроавтобустардың қозғалысына.
5. Демалыс күндерінде шектеу шараларын қатаңдату
5.1. халықтың қоғалысы:
қоғамдық көліктің жұмысын тоқтату
65 жастан асқан тұлғалардың сыртқа шығуын шектеу
ашық ауада, үй-жайларда, көлікте- барлығы үшін бетперде киіп жүру ережесін сақтау.
5.2. қызметін тоқтатсын:
сауда-ойын-сауық орталықтары (бутиктер), сауда үйлері, сауда жүйелері;
азық-түлік сататын және азық-түлікке жатпайтын басқа заттарды сататын жабық базарлардың;
сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін объектілері;
фитнес-орталықтары;
монша мен сауналар;
балалар мен ересектерге арналған оқыту орталықтары, коррекциялық кабинеттері;
сыртта ашық жерде өткізілетін аттракциондар;
6. Жуалы ауданының тұрғындарына:
6.1. сыртта (далада) және жабық үй-жайларда, оның ішінде сауда объектілерінің аумақтарында, қоғамдық жерлерде болғанда, қоғамдық көліктерде жүргенде бір-бірінен 2 метрден кем болмайтын қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
6.2. Қоғамдық жерлерде,қоғамдық көліктерде бетпердесіз (маскасыз) жүруге болмайды;
Сәнім Тілеш,
аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы