Basty bet

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруіміз керек

Қазіргі әлемнің тәжірибесі көрсеткендей, қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі. «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды әр қайсымыз ұстанғанымыз жөн.
Тіл халықтың мәңгі жасауының көрінісі екенін барлығымыз жақсы білеміз және ұрпақтарға да айтудамыз.

Ата Заңда «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп жарияланған. Яғни, ол – тек қазақтардың ғана емес, этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілі.
Қандай қоғам болса да, өзара түсінісу үшін ортақ тіл таңдайды, қазақ тілі – барлық қазақстандықтардың ортақ тілі.
ҚР «Тіл туралы» заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздаөмір сүру, жұмыс істеу, өзара қарым-қатынасқа түсу тілі болуы тиіс.
Барлық шетелдерде солай. Америка құрама штаттарда тұрғындардың баршасы ағылшындар емес, бірақ олардың барлығы ағылшын тілін білуді міндет деп санайды.
Қытайда да, Ресейде де, Испанияда да солай. Өйткені, «бір мемлекет – бір тіл» ұғымы өркениетті елдердің барлығы үшін талап және міндет болып кеткен. Онсыз ортақ құндылықтардың қалыптасуы қиын. Бір мемлекет ортақ үй, ортақ ұжым ретінде қалыпты өмір сүруі, дамуы керек. Сол үшін сол мемлекеттің азаматтығын алған адамдардың барлығы ортақ мемлекеттік мүддені жоғары қояды.
Ұлт анасы – тіл. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздар мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен ғана кеңеймек.
Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу – өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 бабына сай, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 4 бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi, мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Расында, бір тудың астында күн кешкен халықтың біртұтас ұлт болып қалыптасуы үшін мемлекеттік тілдің өз функциясын атқаруы – заңдылық. Әйтсе де, мемлекеттік тіліміздің қолданысы әлі күнге өзекті мәселе болып тұр.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға көмек көрсетуге мiндеттi делінген.
Жуалы аудандық соты осы тұрғыда артта қалмауда, іске асырылып жатқан жұмыстар көп, кеңседегі іс-жүргізу жұмыстарында барлық шығыс, ішкі құжаттар түгел дерлік мемлекеттік тілде жүргізіледі. Барлық судьялар мен сот қызметкерлері 100 пайыз мемлекеттік тілді меңгере алады. Тек кіріс құжаттар кейбір мекемелерден ресми тілде келуде.
Тіліміздің түп тамырымен жойылып кетпегеніне шүкіршілік етуіміз керек тәрізді. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр.
Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенеді. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады.
Тілді еркін қолдана білу приоритетті бағыт дет тану, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің бірі. Мемлекеттік тілде сөйлеу арқылы санамыздың бір түкіпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды әрі қасыңда тұрған азаматтардың алдында абыройы жоғарылайды!
Байжан Жамалбекұлы,
аудандық
соттың судьясы

Таңдаулы материалдар

Close