Basty bet
«Күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын өткізу туралы» Жуалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 тамыздағы №193 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес, Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 қазан аралығында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес, күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту кезеңінде орындалуы көзделген жұмыстар көлемі бойынша Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округ әкімдерінің ұсыныстары бекітілсін.
Күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары кезінде:
1) елді мекендерге тазалық орнату бойынша кең ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылсын;
2) тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың алдын жөндеу, жаңарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын;
3) көшелердің жарықтандырылуын, сыртқы көрнекті құралдар мен жарнамаларды жақсарту бойынша шаралар қолданылсын, ескерткіштер мен сәулет нысандары тәртіпке келтіруін ұйымдастырсын.
3. №2 қосымшаға сәйкес күзгі екі айлық абаттаныру және санитарлық тазарту жөніндегі аудандық штабтың құрамы бекітілсін;
4. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі (Д.Тастанбеков, келісімі бойынша) 2025 жылға арнап бекітілген тал-дарақтар көлемін мемлекеттік орман қорынан ағаш отырғызылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің (у.м.а. Р.Құрмашева) аудандық «Jana omir – Новая жизнь» газетіне абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы мен аудан тұрғындарына өздері тұрып жатқан аумақтарда тазалықты сақтау туралы мақалалар жариялануын ұйымдастырсын.
6. Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округ әкімдеріне күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары кезеңінде орындалуы көзделген жұмыстардың атқарылуы бойынша аптаның әр бейсенбі күні аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ақпарат жолдасын.
7. «Күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын өткізу туралы» Жуалы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 тамыздағы №235 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
А.Асабаев,
аудан әкімінің уақытша
міндетін атқарушы