Basty bet
Азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша пробация қызметінің бақылаумен ауданның ауылдың, ауылдық округтің әкімдері белгілейтін объектілерде өтейді. Сондай-ақ аудан орталығын, ауылдық округтер мен ауылдар аумағын қандай да бір арнайы дайындықты талап етпейтін жинау мен көгалдандыруға көмек көрсету: қоқыс жинау; маусымдық жинау; ағаш-көшеттерді, бұталарды отырғызу жұмыстарына тартылады.
Қоғамдық жұмыстар – бұл адамның қоғам, мемлекет алдында өз еңбегімен кінәсін өтеуге мүмкіндігі бар жаза, бұл ретте жұмысын, отбасын, үйреншікті жағдайды, оқуды жоғалтпай қолданылатын жаза түрі.
Қоғамдық жұмыстарды қолдану кезінде келесі нәтижелерге қол жеткізуге болады: біріншіден, бұл көрнекі нәтиже – көшелер мен аулалардағы тазалық; екіншіден, тәрбиелік маңызы зор. Құқық бұзушы өзінің еңбегімен қоғамға келтірілген залалды түзетіп, оны халықтың алдында жасайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнінде пробация қызметі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа қоғамдық жұмыстарды жазаның басқа түрлерімен ауыстыру туралы ұсыныс жасайды.
Жыл басынан бастап аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар соттың үкімі бойынша қоғамдық жұмыстарға тартылған екі азамат жазасын өтеп қоғамдық жұмыстарға тартылған.
E.Иманбердиев,
аудандық ПҚ инспекторы.
Әділет капитаны