Basty bet

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Еліміздің рухани кемелденуіне және зияткерлік әлеуетінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін белгілі ғалымдарға, мәдениет қайраткерлеріне және өндіріс саласының өкілдеріне «Парасат» ордені берілді. Олардың қатарында «Ильинское» ЖШС директоры А.Бурлев, ақын Ғ.Жайлыбай, «Мұнай-газ кешені ардагерлері» РҚБ кеңесінің мүшесі Т.Хасанов, Қазақстан журналистикасының ардагері Е.Брусиловская, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі М.Башабаев және басқалары бар.

Бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Social theater-Camogli» (Италия) театрының көркемдік жетекшісі Аквавива Джузеппе ІІ дәрежелі «Достық» орденіне лайық деп танылды.

«Құрмет» орденімен марапатталғандардың қатарында Астанадағы №3 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері М.Абдуов, «Құмқұдық» ЖШС бас инженері Б.Айтжан, «QazaqGaz Aimaq» Алматы өндірістік филиалының слесарі Г.Жасыбаева, Ұлттық ядролық орталықтың лаборанты Ю.Карягин, Орталық мемлекеттік архивтің директоры С.Шілдебай, актриса Г.Дусматова, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры А.Чеботарев және басқалары бар.

Ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін «Ел бірлігі» орденімен «Ахыска» түрік этномәдени орталығының Шымкент қаласы филиалының төрағасы Л.Асанов, Павлодар облысы бойынша орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы В.Берковский, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі қамқоршылар кеңесінің төрағасы Е.Больгерт, «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Р.Валиев, «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы төрағасының орынбасары А.Исматуллаев марапатталды.

Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндірістік салалардың еңбеккерлері III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің кавалері атанды.

Таңдаулы материалдар

Close