Basty bet

ТАҒАЙЫНДАУ

Жуалы ауданы әкімінің 12.05.2025 жылғы №160-Ж/Қ Өкімімен Асабаев Айдос Құттыбаевич Жуалы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

АСАБАЕВ АЙДОС КУТТЫБАЕВИЧ

1982 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының Қаратау бөлімшесі ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті «Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» және «Құқықтану» мамандықтарымен бітірген.
Алғашқы еңбек жолын «Семсер» АҚ ЖФ-ның күзетші және өрт сөндірушісі болып бастап, әр жылдары «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-ның мемлекеттік сатып алу менеджері, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының штаттан тыс қызметкер-лекторы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының құқықтық-кадрлық жұмыс және құжаттама бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіндегі (кадр қызметіндегі) облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

Таңдаулы материалдар

Close