Basty bet

Құтыру ауруының алдын алу

Соңғы жылдары ауданымызда ит қапқаннан зардап шеккен адам саны біртіндеп азаюда.
2022 жылдың 12 айында ит қапқаннан зардап шегіп антирабикалық көмекке жүгінген 195 адам, 100 мың халыққа шаққанда көрсеткіші– 367.8 %. 2021жылдың 12 айында зардап шегіп, антирабикалық көмекке жүгінген 175 адам, 100мың халыққа шаққандағы көрсеткіші–329,9%. 2022 жылдың 12 айымен салыстырғанда ит қапқаннан зардап шегіп антирабикалық көмекке жүгінген адам 20 жағдайға жоғарлап отыр.100 мың халыққа шаққанда көрсеткіші -37,7%. Барлық зардап шеккен адамдарға ота бөлімінде, аудандық орталық ауруханада және аудандық орталық емханада құтыруға қарсы антирабикалық екпе жасалады.
Жедел вирусты аурулардың ең қатерлісінің бірі – құтыру ауруы. Егер дер кезінде ем алмаған жағдайда, ауырған адам ми қабынуынан қайтыс болады. Құтыру ауруы – ауырған жануарлар тістегенде, тырнағанда немесе терінің жарақаттанған жеріне сілекейі жағылуы арқылы адамға жұғады, (60-70%) инфекцияның көзі иттер болып табылады. Бір-екі күн өткен соң сілекей ағуы көбейіп азаптанады, ауру сілекейін жұта алмайды, үнемі түкіріп отырады, немесе аузынан еріксіз сілекей ағады. Ауру жүрек не тыныс жұмысын басқаратын ми орталықтарының зақымдануынан 6-8 күн ішінде, өте сирек жағдайда 1-ші күні өледі. Құтыруды емдейтін арнаулы ем жоқ. Сондықтан жануар тістеген жағдайда, адамдарды аурудан арашалап қалатын жалғыз жол – құтыруға қарсы емдеу-профилактикалық егу шаралары. Жануарлар тістеген жағдайда, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз! Өз өміріңіз – өз қолыңызда!
Назипа Әзімбекова,
аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close