Basty bet
Индустриялық кооперация және өзара инвестиция.
Бұл Қазақстан-Әзербайжан арасындағы бағындырар жаңа бағыт. Көрші ел стратегиялық серіктес және өнеркәсіптік кооперация алаңы ретінде қарастырылады. Бұл Түркітілдес әлем елдерінің сауда ынтымағын дамытудың бір қыры. Бүгін бизнес форум өтіп, нақты 16 келісімге қол қойылды. Ал пысықталып жатқан жобалар 100-ге жуықтайды.
Теңізді тел емген Әзербайжан бізге көрші ғана емес, Азия мен Еуропаға шығатын көпір. Көрші елдің Армениямен бейбіт келісімге келуі де көп кедергіні жойды. Мәселен, Зангезур дәлізі ашылып, тасымал жағрафиясы жандана түсті. Енді Қазақстан тек шикізатпен шектелмей, экспорт қоржынын түрлендіруге бейіл. Агроөнеркәсіп өнімін көбейтпек. Бидайдан бастап, дәнді дақыл, май мен картоп. Жалпы жиынтығы 15 млн тоннаға жуық тауар. Әзербайжанның да жеткізері мен бірлесе іске асырары бар.