Basty bet
Орман шаруашылығы қызметкерлері күні құтты болсын!
Құрметті орман шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Орман – өмір нәрі, табиғаттың асыл байлығы. Ол – жердің тынысы, елдің сәні мен дәулеті. Орманды қорғау мен қалпына келтіру – еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының негізі. Бұл міндетті абыроймен атқарып келе жатқан сіздердің еңбектеріңіз – құрмет пен алғысқа лайық.
Сіздер күн сайын табиғатты қорғап, орман алқаптарын сақтау, молайту бағытында аянбай еңбек етесіздер. Қиындыққа толы бұл салада еңбек ету – табандылықты, жауапкершілікті, туған жерге деген ерекше сүйіспеншілікті қажет етеді.
Орманшылардың ерен еңбегі – ел игілігіне қызмет етудің жарқын үлгісі.
Ауданымыздың табиғи байлығын сақтап, жасыл желекті кеңейту ісінде өз қолтаңбасын қалдырған сала мамандарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Табиғатты қорғау жолындағы игі істеріңіз ұлт болашағына бағытталған ұлағатты еңбек деп білеміз.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен қуаныш тілейміз!
Табиғатты аялау жолындағы еңбектеріңіз абырой мен бедел әкелсін!