Basty bet

Ауылдан жеткен ақпарат

Ақсай
Ауылдық округке қарасты Қайрат ауылының тұрғыны, «Қуанышбек» шаруа қожалығының басшысы Қуанышбек Әбзелбеков округтегі шөп тапшылығын тұрақтандыру мақсатында маусымда алты рет өнім беретін жоңышқаның бір итальяндық «Джея» түрінің тұқымын Алматы қаласынан алдырып, оны 23 гектар жерге септі.

Жетітөбе
Ауылдық округке қарасты шаруа қожалықтар биылғы көктемгі дала жұмыстарын бастап кетті. Ауа райының қолайлы күндерін пайдаланып, қазіргі таңда шаруалар жер жыртып, егін егуде.
Округтегі «Темірбекова» шаруа қожалығы жұмысын жылда ерте бастайды, өйткені шаруашылықтың егістік жер көлемі айтарлықтай көп. Қожалықтың иелігінде барлығы 657,08 гектарға жуық егістік жері бар. Оның 210,35 гектарына күздік бидай егілген, 90 гектарға жоғары сұрыпты арпа егілген. 145,07 гектарына мал азығына көпжылдық шөп (жоңышқа, эспарцет) егілген.
Дала жұмыстарына МТЗ- 80 тракторы, К-700-қуатты техникасы, бес комбайн дайын тұр.

* * *
“Amanat” партиясы аудандық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында “Әр азаматқа лайықты өмір!” негізінде Шыңбұлақ ауылдық клубының маманы Айман Ортаеваның ұйымдастыруымен №24 Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары аудандық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады .
Экскурсияның мақсаты – оқушыларды өз туған жерінің тарихымен таныстыра отырып, округ әкімдері елін, жерін сүюге әрі тарихи кезеңдерді есте сақтауларына әсер қалдыру.

Нұрлыкент
Ауылдық округке қарасты Түктібай ауылында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Түктібай ауылының шығыс бөлігінде ауылдық округ аппаратының ұйымдастыруымен үлкен қоқыс орны тазаланды. Іс-шараға «Зылиха» шаруа қожалығының жетекшісі Н.Бегалы арнайы техникаларымен көмек көрсетті.
Жиналған қоқыстар арнайы техникалармен тасымалданды. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындарымен қатар қоғамдық жұмысшылар қатысты.
«Зылиха» шаруа қожалығының жетекшісі өз қаражаты есебінен алдағы уақытта тұрғын үй құрылыстарына берілетін жер телімдеріне, оның ішінде, картоп сақтайтын қоймаларға газ құбырларын жүргізуді жоспарлап отыр.

Баян Тұрсынқұлқызы,
“Жаңа өмір”

Таңдаулы материалдар

Close