Basty bet

Орман – ел байлығы! Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен!

 

 

Қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Бұл күн табиғатты қорғау, орман ресурстарын сақтау мен көбейту ісіне өз үлесін қосып жүрген барлық сала мамандарының кәсіби мерекесі болып табылады.

 

Орман – халқымыздың баға жетпес табиғи байлығы, еліміздің экологиялық қауіпсіздігінің кепілі. Орман шаруашылығы қызметкерлері жыл он екі ай бойы жасыл желекті қорғап, орманды молайту, өрттің алдын алу, табиғатты қалпына келтіру және экологиялық мәдениетті арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

 

Осы маңызды күні барша орман саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Сіздердің еңбектеріңіз – табиғатты аялау мен келешек ұрпаққа жасыл елорда мен таза ауа сыйлаудың жарқын үлгісі.

 

Табиғатты қорғау жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық пен отбасылық амандық тілейміз

Таңдаулы материалдар

Close