Basty bet

Дін және жастар

Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі, бұл – дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қызметтерін ретке келтіру. Себебі, олардың әрекеттері қоғамда кереғар көзқарастар туғызып келеді.
Біз тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді мәңгі ұмытпауға, оны әрдайым есте сақтауға міндеттіміз. Дін біздің рухани болмысымыз, бүгініміз бен ертеңіміз және болашағымыз. Біз түрімізбен ғана қазақ емес, керісінше тілімізбен және салт-дәстүрімізбен қазақпыз.
Дәстүрлі емес діни ағымдардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек деген сұрақ туындайды. Діни секталардың арбауымен алдауынан сақтану шаралары халықтардың ынтымақтастығы, ауызбіршілігі, мемлекеттік ішкі қауіпсіздігімен тұрақтылығы үшін жасалады. Бұл бір ғана адамның немесе мемлекеттің жасайтын ісі емес. Әрбір ата-ана баласын күнделікті қадағалап, тәртібіне, сабағына, жүрген ортасына, немен айналысып жүргеніне мән беруі, имандылық пен инабаттылықты жастайынан бойына сіңіру қажеттілігін баса айтқым келеді.
Кейбір азаматтардың радикалдану қатерін азайту, дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен түсіндіру және жастар арасында деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру біздің негізгі мақсаттарымызға кіреді.
Қоғамдық өмірге енді араласқан жастардың діни сауаттылығын арттыру және жастар арасында жат діни ағымдардың таралуының алдын алу мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 6 айында жастардың қатысуымен әртүрлі форматта барлығы 39 іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараларда теолог мамандар, аудандық мешіт имамдарымен қатар зиялы қауым өкілдері қатысып, жастарға ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді насихаттай отырып түсіндірме жұмыстарын жасады.
Мемлекеттің негізгі тірегі – татулық пен болашақ, ал болашағы – жастар. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу- бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектердің парызы. Сондықтан да имандылықтың негізгі құралы – халық даналығы, дәстүрі мен дінінің тәрбие жөніндегі пікірлері. Өйткені екеуі біріне-бірі ұқсас. Екеуінің де негізгі мақсаты – адам баласын асып-таспауға, адамшылыққа, имандылыққа, білім-ғылымға шақырып, ынтымақта болуын талап етеді. Бүгінде отансүйгіштікті, ел мен жерді сыйлауды, ұлтжандылықты, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудың, ұлттық намыс пен ұлттық жауапкершілік туын жоғары ұстаудың, Ата Заңымызға, мемлекеттік Елтаңба, Ту, Әнұран мен наградаларға шынайы құрмет сезімін әрбір отандасымыздың қаны мен жанына сіңіріп, адамгершілік қадір-қасиетіне айналдыру аса маңызды. Терең біліміне сай өнегелі тәрбие алған иманды азамат – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

Мейіржан Телеушов,
Аудандық мәслихат депутаты,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ директоры

Таңдаулы материалдар

Close