Basty bet

Шебердің қолы алтын

Ұлттық құндылықтарымыздың бірі һәм бірегейі – қолөнер. Шынайы шебердің қолынан шыққан бұйымдар салт-сана, әдет-ғұрыппен біте қайнасып, қазақ халқының дүниетанымын айғақтайды. Бүгінгі күні ұлттың байырғы мұрасы қайта жаңғырып, жаңару үстінде.
Қолөнер – халқымыздың қасиетімен ұрпақтан – ұрпаққа ауысып жатқан, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.
«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» – деген тақырыпта Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінде ұлттық қолөнер бұйымдарын дәріптеу мақсатында ұлт өнерінің дамуына үлес қосып жүрген ауыл шеберлерімен кездесу өтті. Іс-шараға, құрақ көрпенің сан түрлерімен тамсандырып, қаншама тапсырыстар қабылдап отырған ауыл тұрғыны ісмер Роза Бесімбайқызы, моншақ әлемін бағындырып, әртүрлі сөмкелер, дәскелер тоқып, жас бойжеткен қыздарға шекелік, өңірлік жасап талай жанның көңілінен шығып отырған Саера Құрбанбаева, жастайынан анасының жанында жүріп, шидің қыр- сырын меңгерген, ши тоқудың хас шебері Айнаш Өтениязова қатысты.
Олар өздерінің көрмеге алып келген қолөнер бұйымдарымен таныстырып, оның жасалу жолдарын жас буынға түсіндірді.

Қадиша ЖҰПБАҒАМБЕТОВА,
Нұрлыкент ауылдық мәдениет
үйінің үйірме жетекшісі

Таңдаулы материалдар

Close