Basty bet

Мемлекеттік тіл – мәртебе мен міндет

Мемлекеттік тіліміз – қазақ тіліне деген құрмет тек мәдениетпен, салт-дәстүрмен шектелмейді. Бүгінгі күні ол – нақты заң нормаларымен бекітілген, құқықтық міндеттемелермен қорғалған жүйелі саясаттың өзегі.

Әсіресе, құқық қорғау органдары сынды мемлекет пен азаматтың арасындағы алтын көпір рөлін атқаратын салаларда тіл саясатының дұрыс жүзеге асуы – егемен елдің келешегі үшін аса маңызды.

ҚР Конституциясының 14-бабында ешкімді де ұлты мен тіліне байланысты кемсітуге болмайды. Заң мен сот алдында бəрінің теңдігі туралы негізгі конс­титуциялық қағидаттарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті, мемлекетке азаматтардың тіліне, оның ішінде, азаматтардың тең құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруін қамтамасыз етеді.

Бұл конституциялық қағидат «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тəрбие, оқу жəне шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы белгілейді.

Расында, бір тудың астында күн кешкен халықтың біртұтас ұлт болып қалыптасуы үшін мемлекеттік тілдің өз функциясын атқаруы – заңдылық. Әйтсе де, мемлекеттік тіліміздің қолданысы әлі күнге өзекті мәселе болып тұр.

Тіліміздің түп тамырымен жойылып кетпегеніне шүкіршілік етуіміз керек тәрізді. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына  дарыған ана тілі ғана. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсат әрі азаматтық парызымыз болып табылады.

Жоғарыдағыны айта келе, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде, бірлесе өзара ықпалдастықты дамытып, мемлекеттік тілге басымдық беру қажет деп санаймын.

Қорытындылай келе, әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенеді. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады.

Тілді еркін қолдана білу приоритетті бағыт дет тану, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің бірі. Мемлекеттік тілде сөйлеу арқылы санамыздың бір түкіпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды әрі қасыңда тұрған азаматтардың алдында абыройы жоғарылайды!

 

 

 

Жуалы аудандық

сотының төрағасы

Бабырхан Абуев

Таңдаулы материалдар

Close