Basty bet

Балалардың отпен ойнауы

Балалардың отпен ойнауынан болатын өртті болдырмау үшін не істеу керек:

– үйден шыққанда балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;

– сіріңкелерді балаларға қолжетімді жерде қалдырмаңыз;

– балаларға пештерді, газ плиталарын жағуды, тұрмыстық электр аспаптарын өз бетінше қосуды тапсырмаңыз;

– балалардың от жақпауын қадағалаңыз;

– балаңызға қызықты уақыт өткізуді ұйымдастырыңыз.

– балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтыңыз;

– өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз.

Құрметті ата-аналар! Егер біз балаларды отты дұрыс ұстауға және ең тиімді құтқаруды таңдауға үйретпесек, біз олардың жарақаттары мен өліміне кінәлі боламыз. Құтқарудың жолы әрқашан бар. Сіздің балаңыз өзінің кінәсіздігі тек өзінің ғана емес, басқа адамдардың да өліміне әкелуі мүмкін екенін есте сақтасын.

 

Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ

 

 

Таңдаулы материалдар

Close